Өлең, жыр, ақындар

Менің Қазақстаным

  • 12.05.2019
  • 0
  • 6
  • 17874
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастады,
Далама қарашы.
Кең екен Жер деген,
Жерге дән шықты ғой.
Дән егіп, терлеген,
Қазағым мықты ғой.

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.

Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар.
Қараңдар, жарандар,
Осындай елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Ежелгі досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай.

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.



Пікірлер (6)

Жансерик

Не үшін өзгерткен гимнде сөздерин
Гимнде мәні мағынасын жоққып жиберген “менин жерим ,менин кең далам деген мағыналы сөздерди

Айсана

Күшті

Айсана

Үлкен жəне күшті

Айсана

Ана

Милана

клааааасссс

Милана

керемет

Пікір қалдырыңыз

Маңдайын оқ тескен қасқа туралы жыр

  • 0
  • 0

"Көру керек, көру керек келгесін", —
қарт күрсінді у-шу болып кеудесі.
ауыр тыныс алдым білем мен де осы.
Қадалатын сықылды ғой оқ түрлі,

Толық

Ұршық пен домбыра

  • 0
  • 0

Жіп иірді ол толғанып,
Қолында — сол бір ұршық.
Домбырамды қолға алып,
Мен — күй шерттім ыңырсып.

Толық

Жүрек

  • 0
  • 0

Білемін: шаттық не, қайғы не,
Шындықты жасаған елестен;
Алқына сыр ашқан Ләйліге
Мәжнүн сен жүрек емес пе ең!

Толық

Қарап көріңіз