Өлең, жыр, ақындар

Санаулы менің сағатым

  • Bain
  • 23.04.2015
  • 1
  • 6
  • 20530
Санаулы менің сағатым,
Санаулы менің күн, айым.
Асығам қалмай тағатым,
Асықпай қайтіп шыдайын.
Шау тарта жаным бастады-ау,
Айларды қуып жылдарым,
Айтылмай қалса масқара-ау,
Ашылмай жүрген сырларым.
Күні ертең өліп кетердей,
Жастыққа қорқа бас қойдым.
Өмірім босқа кетер ме ей,
Өруін таппай таспа ойдың?!
Күндер-ау, күндер, көктемдер,
Қасымнан менің кетпеңдер?!
Әуелде неге жараттың,
Көпсінсең мені көк пен жер?!



Пікірлер (6)

Дина Серікжан

Мұқағали Мақатаев ең сүйікті ақыным қандай керемет өлең еді!!!

Дина Серікжан

Мукагали Макатаев менин суйкти акыным кандай кушти олен!

Бану

Керемет...

Гүлбану

Біртуар ақын деп бекер айтылмаған. Оқи бергің келеді өлеңдерін

Бекзат

керемет өлеңі!!!

Inzhuka

Супер

Пікір қалдырыңыз

Басымнан қорқам

  • 1
  • 2

Мен басымнан қорқамын атом ба деп,
Бір әлемет жасалып жатыр ма деп.
Мұндай-дағы сұрапыл тап болар ма,
Өзі болған өзімен пақырға кеп.

Толық

Тауда өстім

  • 1
  • 5

Тайсалмай басып тастарын,
Алқынбай асып асқарын.
Құзына шығып, қомданып,
Ылдиын тәмен тастадым.

Толық

Мавр

  • 0
  • 1

«Адам бар ма мәңгілікке өлмеген,
Заман бар ма бағы тайып көрмеген,
Азап бар ма ауыр жолда көлбеген,
Ашу бар ма адам ұлы жеңбеген,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер