Өлең, жыр, ақындар

Отыздан асып барамын

  • Bain
  • 23.04.2015
  • 2
  • 10
  • 72982
Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.
Шашымның санап әр ағын,
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.
Белгісі тұр ма ағаның,
Бетіме неге қарадың?
Бақытым тілеп баланың,
Отыздан асып барамын.
Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Аттанған ата-ананың
Артынан қуып барамын.
Әзілің қайда, қарағым,
Әжімге несін қарадың?
Артымда қалып аларым,
Отыздан асып барамын.
Солай да, солай, қарағым,
Көңілдің таппай қалауын.
Жастықтың жықпай жалауын,
Отыздан асып барамын.



Пікірлер (10)

Қалдықыз

Махаббатты керемет жырлаған

Сева

;( отыздан асып барамын оленi маган катты унайды

Ануар

Бұл кісідей ақын жоқ болмайтында шығар

сымбат

керемет осы маган унайды Айкын да керемет айтады кушшшшты

Бекзат

керемет

Еркин

Әнін жазған кім екен?

Нұрлыбеков Мақсат

Керемет өлең менің өміріме қатты ұқсайды екен

Тұрсынбай Бекзат

Өте керемет

Иттің баласы маманың айтуы бойынша

Супер

Айнура

Қызық әрі жеңіл екен

Пікір қалдырыңыз

Аттандырып тым тәтті сәттерімді

  • 1
  • 4

Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.

Толық

Қырқыншы жылдар

  • 1
  • 2

Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.

Толық

Москвадан кетерде

  • 1
  • 2

Ұлиды боран,
Қарып тұр.
Сауықтыр мені, сауықтыр
Боранын-дағы Мәскеудің

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер