Өлең, жыр, ақындар

Отыз бесінші көктемім

  • Bain
  • 23.04.2015
  • 1
  • 3
  • 33662
35 жыл.
Уақыт қой көп-көрім.
35 жыл қуарып,
35 жыл көктедім.
35 күз, 35 қыс, 35 жас,
Осал өмір емес қой отыз бес жас...
35 жыл.
Өмірді кезіп келем.
Және 35 бола ма?
Сезіктенем...
Әкем менің есімде, шам түбінде
ВКП (б) тарихын ежіктеген.
Және бір сәт есімде ақпандағы,
Әкем отыр майданға аттанғалы.
Бәрі есімде
Дала, егіс, ауыл, мектеп,
Ұстаздар, интернаттың қатқан наны...
Бәрі есімде - далам да, тұрағым да,
Тек есте жоқ, күлдім бе, жыладым ба...
Балалық шақ жарбиып жүретұғын
Өгіз жеккен соқаның құлағында.
Шаруаның баласы болғасын ба,
Шаруамен айналдым он жасымда.
Майдандағы әкеме оқ жібердім,
Айырбастап күлшемді қорғасынға.
Әжем есімде.
Әрнеге қозбайтұғын,
Әріден көп әңгіме қозғайтұғын.
Темір керней есімде...
Боран үрсе,
Азалы үнін аңыратып боздайтұғын.
Есімде жоқ.
Бала боп өсіп пе едім?!
Болсам неге жылы сөз есітпедім?!
Есімде тек,
Білемін жеңіс-құстың
Біздің жаққа бір апта кешіккенін.
Осылай өскемін.
Мен - солдаттыц жандырып кеткен жалыны
Сөнбедім де өшгіедім,
Мен отыз бестемін.
Мені жұрт:
«Жақсыдан қалған көз» дейді,
«Жақсыдан қалған сөз» дейді,
Ақымақ болсам төзбейді:
Хайуан дейді, ез дейді,
Хақым жоқ жаман болуға,
Мені жақсыдан қалған көз дейді.
35 жыл.
Бітпеген істерім көп.
(Өткен өмір тәтті бір түс көрінбек)
Арым аппақ.
Айта алман, екінбен де,
Өзгелерге қиянат істедім деп.
Биік болса болғаны болашағым,
Мен аласамын.
Өмір сахнасына алған заңды билетім бар.
Заңды орныма таласамын!!!
35 жыл.
Отыз бесінші шуағым
35 жыл күлдім,
35 жыл жыладым.
Кім біледі,
35 көктем,
Енді қанша тұрамын?...
35 күз, 35 қыс, 35 жаз
Осал өмір емес-ау отыз бес жас...



Пікірлер (3)

Жұлдызай

Мұқаңа пікір жазу...купірлік қой . Бір өзі маңдайға біткен мың ақын.

Ержан

Жұлдызай, несі купірлік?

Айару

Мұқағали Мақатаевтың Отыз бесінші көктемім өлеңі ұнады, рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Мавр

  • 0
  • 1

«Адам бар ма мәңгілікке өлмеген,
Заман бар ма бағы тайып көрмеген,
Азап бар ма ауыр жолда көлбеген,
Ашу бар ма адам ұлы жеңбеген,

Толық

Масақ

  • 1
  • 2

Біржола өлген ескі өмір тұмауратқан,
Біржола өшкен ескі жұрт қылау жапқан.
«Әулие тас» атанған жерге келіп,
Басын жаңа қазақтар құрап жатқан...

Толық

Суық күз сұрғылт...

  • 1
  • 5

Суық күз сұрғылт,
Сұрланып аспан,-күн жауған.
Күн жауған шақта қайтатын едік қьірманнан.
Көтеріп алып,

Толық

Қарап көріңіз