Өлең, жыр, ақындар

Орта жолда

  • Bain
  • 23.04.2015
  • 1
  • 2
  • 19167
Көңіл де пәс, пәс кеуде,
Аэропортта даң.-дұңмен
Затым кетті Мәскеуге,
Ақтөбеде қалдым мен.
Алдан шығып достарым,
Тоса берді тостағын.
Ұсынғасын тостағын,
Сілтеп-сілтеп тастадым.
Адал ас пен көңілін
Қалай қиып кетерсің.
...Айхай, менің өмірім,
Армансыз-ақ өтерсің!
Маған жоқ-тың жат, дұшпан
Бәрі бауыр, тұстасым.
Қалып қойдым ақ құстан,
Ақтөбеде қысқасы.
Көңіл, неге мұздадың?
Асықпа әлі, жетерсін,
Қазағыңның тұз-дәмін
Қалай қиып кетерсің?!
Қарсы алар ма бір адам,
Сонау алыс шалғайда.
Мына көңіл, мына дәм
Бола ма алда, болмай ма?!
Бірге күліп жыласқан,.
Пәк көңілдер бір жүрсін
...Мына дала, мына аспан
Қимай тұр ма, кім білсін?!
Өкінгенмен өнбейді,
Ақылынды тауыспа!
Жібергісі келмейді
Далаң сені алысқа.
Ерте тұрып, қам жаса,
Сапарыңды жалғауға.
Өкінбегей, алдаса,
Өкінішті арманға.
Опық жеме, арланба,
Орта жолда қалғанға!
Жаным неге күйзелді?!
Жаздың таңы ата гөр.
...Жусан менен өзенді
Иіске де, жата бер...



Пікірлер (2)

Мадина

неге ұнаса лайк баспайсыздар .......
сіздер ......

Бота

Мұқағали Мақатаевтың Орта жолда өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Мен қарапайым қарттарды сүйем

  • 2
  • 36

Мен қарапайым қарттарды сүйем,
He деген керім еді!
He біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы - қариялар

Толық

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет

  • 1
  • 5

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет.
Ойлы жас, түсініпсің, рақмет!
Рақмет!
Жассың ғой жалыны мол,

Толық

Толғау

  • 1
  • 2

Таң атты.
Келіп қалды ғажайып жыл,
Кел, ақын, керемет бір жазайық жыр.
Томырық лирика, тоқтай тұршы,

Толық

Қарап көріңіз