Өлең, жыр, ақындар

Ақиіс

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2611
Ұйқысыз, біздің Мұқтар қаршыға ұйқы,
Жақсының жүрген жері ойын-күлкі.
Келді де бір ақ сұңқар іле түсті,
Біз едік тауда ойнаған қызыл түлкі.

Мұқтардың бәйбішесі Қашым еді,
Жұлдызы өзгесінен басым еді.
Ақиіс келгеннен соң кеми берді,
Бір кезде желдей есіп, тасып еді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жайма қоңыр

  • 0
  • 0

Тәкаппар неге керек пасық кісі,
Ойнайды көзін қысып ғашық кісі.
Білдірген көңіл сырын ишаралап,
О дағы ғашықтықтың басыртқысы.

Толық

Зәуреш

  • 0
  • 0

Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің көрген жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп, бір сүйейін деген едім.

Толық

Еркем

  • 0
  • 0

Алдында сау қайыңның сал бар, қалқам,
Жайылған сахарада, ей еркем, мал бар, қалқам.
Бірге өскен кішкентайдан қалқам едің,
Күн жақсы, қосылғанша, ей еркем, бар, бар, қалқам.

Толық

Қарап көріңіз