Өлең, жыр, ақындар

Мәжілісқорлар

  • 03.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1523
Түн ауысып,
Таңға айналса болды тек,
Күнде көрем:
Жөңкілген жұрт лек телек,—
Басқармаға,
Комитетке,
Полит пенен Просветке
Ағылған жұрт қызметке.
Кеңсесіне кірісімен қызметкер,—
Жауды жаңбыр — жауды қағаз бір нөсер,
Елуінен ерек алып біразын,
Мәжіліске енді қайқаяды сабазын
Келдің, дедің:
«Бағы күннен жүр едім,
Аудиенция алмақ еді тілегім».
— Иван Иваныч мәжіліс кетті тағы да —
Тео-Гуқон Бірлестігі жағына,—
Жүз баспалдақ тоздырдың" сен,
Мең - зеңсін...
Келдің тағы:
— Бір сағаттан соң келсін,
Деді сізге,
Мәжілісте отыр, тез келмек,
Сыя сатып алмақ екен Губкооператив бір шөлмек.
Сағаттан соң
Хатшылардың бірі жоқ,
Кеңседе жан — тірі жоқ.
22 жасқа дейін барлығы
Комсомолдың мәжілісінде дағдылы.
Тағы өрледім,—
Түнге кезім түсті де,—
Жеті қабат үйдің дәл ең үстіне.
«Иван Ваныч келді ме екен?» —
Жоқ онда!
— Мәжілісте отыр,
А-бе-ве-де-же-комда.
Лағнет айтып,
Ызам әбден асқындап,
Қіріп бардым
Сол мәжіліске тасқындап.
0, ғаламат!
Қарай бердім оқшиып.
Отыр өңшең
Жарты адамдар мықшиып.
Қайда жарты денелері бұлардың.
«Жарып кеткен!
Ойбай, қайтып шыдармын!»
Бұл сұмдықтан есім кетті, тап шыным.
Кенет
Баяу
Үні естілді хатшының:
— Бұлар бірден
Екі мәжіліс үстінде,
Жиырма мәжіліс өткіземіз бір күнде,
Қақ бөлінбес еш айла жоқ, таңданба,
Кеуде мұнда,
Басқа жағы қалды анда.
Ыза деген ұйықтатпайды.
Таң сәрі.
Таңмен бірге ойладым әр нәрсені,
«О, шіркін-ай,
Тағы бір мәжіліс өтсе екен,
Бар мәжілісті сол құртып бір кетсе екен».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауыл

  • 0
  • 0

Ышқына соққан дауылға
Құмартушы ем жасымда.
Нөсерлеп құйған жауында
Қызығушы ем жасынға.

Толық

Ленин туралы баллада

  • 0
  • 0

Ленин
Алды бір күн
Ақтық демін.
Аза күйі

Толық

Құз

  • 0
  • 0

Қабағын түйіп құз тас тұр
Төңірегіне парық caп.
Шыңында шулап құстар жүр
Айнала ұшып шарықтап.

Толық

Қарап көріңіз