Өлең, жыр, ақындар

Түйе

Куанишова Бахыт Сапаргелдиевна

Сабақтың тақырыбы: Түйе

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі:  Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Түйе – өте киелі жануар, оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
  2. Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру. Тіл байлығын, ой-өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
  3. Тәрбиелігі: Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, төрт түліктің суреті, суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, топтастыру. 

Типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Психологиялық дайындық. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп ұстазды көреміз.

Бәрінен де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
  • «Сиыр » өлеңін жатқа айту, оның пайдасын әңгімелеп айтып беру.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Топтастыру стратегиясы.

 

ІV. Жаңа  сабақ. Жұмбақ шешу.

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер – тамағы,                 

Шөлге шыдап бағады.    

(Түйе)

V. Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға «Түйе» өлеңін оқып беріп, мағынасын түсіндіру.

Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Екі өркешін қом басқан,

Төрт аяғын тең басқан;

Тілін тікен теспеген,

Мұрындығы келіскен,

Алабота жегені,

Ащы қурай, теріскен;

«Шөк» дегенде «бық» деген,

Шешіп үйін жүктеген.

 

  • Балалар, төрт түлік малға нелер жатады?
  • Қой,ешкі, сиыр, жылқы, түйе.

Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі мал бағу. Өздерінің ең жақсы көретін балаларын сол түлік төлдеріне теңеуі де сондықтан. Мысалы: «Ботам», «Бота көзім», «Құлыным» т.б деуі. Төрт түлік бізге кисек киім, ішсек тамақ, мінсек көлік екенін әрбір сабақта оқып үйрендік.

 Мақал-мәтелдерді оқытып, мазмұнын түсіндіру.

- Ендеше, балалар, бүгін біз төрт түлік малдың бірі – түйе туралы жырды өтеміз.

         Түйе - шөл мен аштыққа  шыдамды.  Ыстық – суыққа төзіп, ұзақ жүрісте қажымайды.

«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандаған қызыл өкімет тұсында өркешті жануарлар елімізде азайып кеткен. Түйе бағуды тиімсіз деп тапты ма кім білсін бертіндегі колхоз-совхоз тұсында да бұл түліктің саны соншалықты көбейе қойған жоқ. Ал, осы күні елімізде 150 мыңдай ойсыл қара тұқымы өрісте жүр. Маңғыстау, Қызылорда секілді облыстарда түйе шаруашылығы ертеден тамырланып, қазірде іргелі қожалықтар жұмысын жүйелі жүргізіп отыр.

 Айыр түйе, қос өркеш – түйе тұқымының бір түрі.

Аруана нар  - сыңар өркеш түйе.

Айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі-үш есе), бірақ жүні аз болады төзімді келеді. Аруана Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі.

Желмая – жалғыз өркеш түйенің (нардың) жүйріктігіне байланысты аңызға айналған түрі. Қазақ аңызында өмір бойы «Жерұйықты» іздеп өткен халық мұңшысы Асан қайғының көлігі. Дана қарт желмаяға мініп, жетпіс жыл жаһан кезген деседі. Шөл мен аштыққа қырық күн шыдаған. Ыстық – суыққа төзіп, ұзақ жүрісте қажымайтын мықты болғаны үшін, халық желмаяны «қара жердің қайығы» деп атап кеткен.

Мал өсірсең түйе өсір, пайдасы оның көл-көсір – демекші күніне 40-50 шақырым жүрмесе қаны тарамайтын ойсыл қара негізі екі жылда бір боталайды. Дегенмен күтімін тапса өзге түліктер секілді өсімтал. Пайдасы шаш етектен.

- Балалар, түйе сүтін не деп атайды?

- Шұбат.

Түйе етiнен өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады. Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi.

Төрт түліктің ішінде түйе сүті бар керегіңе жарайды, құрт-май, балқаймақ алынады, ірімшік жасалады, шұбат ашытылады. Сосын бір ерекшелігі – інген-мая 15-16 ай бойы сауылады. Сүті шайды жақсы үйіреді. Ал шұбаты дертке шипа, емдік қасиеті мол аса пайдалы тағам.

Түйенің терісінен таспа, қайыс  жасаған. Негізі түйе түбіті мен шудасы тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Маң даланың маңғаз жануарының жүні киім болғанда еті ем, шұбаты шипа.

 

- Балалар, түйенің төлін қалай атайды?

- Бота.

- Түйе атасын атаңдаршы?

- Ойсылқара.

- Түйені қалай шақырады?

- Көс-көс.

- Түйе қандай шөпті жақсы көреді?

- Жантақ, алабота, ащы қурай.

 «Түйе» жырды түсініп, мәнерлеп оқу.

Оқушыларға тізбектеп оқыту

Сергіту сәті

(видероликте берілген жаттығуды қайталайды)

VI. Дәптермен жұмыс

Күннің жадын, жаңа тақырыпты жазады.

VII. Шығармашылық тапсырма

 

 I-қатар

II-қатар

III- қатар

Түйе жүнінен істелетін бұйымдар

Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар

Түйе терісінен істелетін бұйымдар

 

VIII.  Сабақты бекіту.

IX. Үйге тапсырма:

«Түйе» жырды түсініп, мәнерлеп оқу.

X. Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.


Пікірлер (3)

калибек аман

туйе туралы шыгарма жазындаршы

Мендигул

Түйе, нар туралы көркем шығармалар барма

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз