Өлең, жыр, ақындар

Физика және музыка

Мұғалімнің аты-жөні, тегі Айтбаева Мадина Жайлауқызы
Туған жылы, айы, күні 24.04.1981жыл
Бітірген оқу орны М. Әуезов атындағы ОҚМУ
Мамандығы Физика және информатика
Педагогикалық өтілі 10жыл
Санаты І (бірінші санат)

«Физика және музыка» атты сыныптан тыс іс – шара 9 – сыныптар арасында сайыс сабағының жоспары

Мақсаттары
1. Физиканың музыкамен байланысын, қасиеттерін толқындық қозғалысты, дыбыстардың сипаттамаларын, түрлерін, өлшемдерін, радиобайланысты меңгергендігін тексеру. Ақылды, талантты және дарынды оқушыларды анықтау. 
2. Толқындар мен дыбыстардың негізгі ерекшеліктері, организмге пайдасы және зияны туралы білімдерін дамыту. Логикалық сұрақтар беру арқылы ой-өрісін, іскерлігін кеңейтіп, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. 
3. Оқушылардың сайыс арқылы физикаға қызығушылығын, белсенділігін арттырып, таланты мен дарындылығын ояту. Дыбыстың қасиеттерін техника мен тұрмыста қолдана алуға тәрбиелеу. 
Сыныптан тыс іс-шара түрі: сынып аралық сайыс сабағы

Сабақтың әдіс тәсілдері: топқа бөлу, тапсырмалар беру, сын тұрғысынан ойлау, тәжірибе жасау, қызықты жұмбақтар қою арқылы көрермендерден физиканың көзайымы, физиканың зердешісі және ойшыл оқушыларды марапаттау.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: графопроектор, тәжірибе құрал-жабдықтары, камертондар, флипчарттар, маркерлер, таратпа материалдар, түрлі аспаптар, видео роликтер, слайдтар, смайликтер.

Күтілетін нәтиже:
1. Қандай толқындар дыбысқа жататынын біледі.
2. Дыбыстардың инфрадыбыстар мен ультрадыбыстардан айырмашылығын түсінеді.
3. Толқындарға тән қасиеттерді дыбыс үшін қолдана біледі.
4. Дыбыстың сипаттамаларын олардың ерекшелігіне қарай ажырата біледі.
5. Дыбыстардың, оның ішінде инфрадыбыстар мен ультрадыбыстардың қолданатын жерлерін синтездей алады.
6. Механикалық толқындарды оларды жиілігі мен толқын ұзындығына қарай бағалай біледі.

Түйінді идеялар: топпен жұмыс жасағанда және сыныптар аралық жарыс өткенде физиканың музыкамен байланысына және дыбыстың негізгі ерекшеліктері мен сипаттамаларына мысалдар келтіре отырып, талдай білу.
Өту барысы: Армысыздар жиналған қауым! Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған оқушының зерек болуы – заман талабы. Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс сайыс өткізу дарынды мен талантын ашуға септігі мол. Сондықтан физиканы музыкамен байланыстырайық. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Босқа қарап тұрмаңыздар Физикадан басталатын Сайысқа куә болыңыздар! Жеңіспен көк жүзінде шарықтады, Дарындылар, таланттылар жар салады. Ту етіп достық пенен татулықты Ақылдылар таныстыруға асығады, дей келе сайысымыздың

1-бөлімі «Таныстыру аты, ұраны, эмблемасы» 2-мин/6
9 «А» - «Ақылдылар» тобы
9 «Ә» - «Таланттылар» тобы
9 «Б» - «Дарындылар» тобы

2-бөлім Физиканың музыкамен байланысы туралы түсінік 2-мин/6
9 «А» Дыбыстар туралы түсінік, түрлері, сипаттамалары
9 «Ә» Инфра және ультрадыбыстар, пайдасы мен зияндары
9 «Б» Радиобайланыс дамуы, түрлері, ашылуы

3-бөлім Өнертапқыш эксперимент жасау 1-мин/3
4-бөлім Физикалық формулалар 2-мин/2
5-бөлім Аспаптар туріне сипаттама 2-мин/6
9 «А» - домбыра
9 «Ә» - гитара
9 «Б» - қобыз

6-бөлім Топ басшылар сайысы 2-мин/6
1. Дыбыс жиілігіне - - - - - - - - шығаратын
үндестігі - - - - - - - - деп аталады.
2. - - - - - - - - кедергіден шағылған - - - - - - - -
қайта оралған дыбыс толқындары.
3. Дыбыстың кедергілерден - - - - - - - -
естілу ұзақтығының артуы - - - - - - - - деп аталады.

7-бөлім Сен маған, мен саған! (әр топ 3 жұмбақтан қою) 2-мин/6
8-бөлім Есепке қай топ озық? (әр топ 3 есептен шығарады) 7-мин/7
1. Мылтық атқан адамға жаңғырық атқаннан кейін 4с-тан соң естіледі. Дыбыс шағылған бөгет бақылаушыдан қандай қашықтықта тұрады? Ауадағы дыбыс жылдамдығы 340 м/с деп алыңдар.
2. Периоды 0,005с тербелістер су ішінде ұзындығы 7,175 м дыбыс толқынын туғызады. Су ішіндегі дыбыс жылдамдығын анықта? 3. Дыбыс ауадан, суға өткенде дыбыс толқынының ұзындығы неше есе өзгереді? Дыбыстың судағы жылдамдығы 1435 м/с ауадағысы 340 м/с Қорытынды: орын алған оқушыларды марапаттау. Мақал-мәтелдердің физикалық қасиеттері және физикалық жұмбақтар Көрермендермен ойын «Қызықты сұрақтарға жауап» Көрермен көзайымы кім болады екен?
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (Құс жолы)
2. Ньютонның заңын ашуға себеп болған не? (Алма)
3. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады)
4. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
5. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
6. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. (Күн, Ай, табиғи жарық) 7. Қармен біз жүргенде, Сықырлайды ол неге? (сынады, қатты дене)
8. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (масса, физикалық шама)
9. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)
10. Табаныма байладым,
Қос аяқпен айдадым (Шаңғы, сырғанау, үйкеліс, қысым)
11. Шапшаң жүргенге шаң жұқпас. (инерция құбылысы)
12. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. (үйкеліс құбылысы)
13. Бір сасық құмалақ, бір қарын майды шірітеді? (диффузия құбылысы)
14. Шапқан озар, жатқан қалар. (жылдамдық, физикалық шама)
15. Басқан жерде ізі қалар,
Айтқан жерде сөзі қалар. (қысым, физикалық шама)
16. Шешен сөзінен сынады, ине көзінен сынады. (заттың беріктік шегі)
17. Кемпірқосақтың түстерін не деп атайды?
18. Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар. (бор, жұғу құбылысы)
19. Азықсыз адам, алысқа бармайды. (әлсіз, энергиясы аз)
20. Ас адамның қуаты, ат адамның қанаты.(күшті,энергиясы мол, күш көп)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз