Өлең, жыр, ақындар

Адами қарым-қатынастар әлемі

Алматы қаласы Әуезов ауданы

«№173 мектеп-лицей» КММ

«Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы» - атты онкүндікке өткізілген

Ашық сабақ

Сынып: 5 «В»

Мұғалім: Боранбай Гүлжанар Ибрахимқызы

Сынып

5 сынып

Тарау

3 тарау

Сабақтың нөмірі және тақырыбы

21 сабақ. Адами қарым-қатынастар әлемі.

Құндылық

Ішкі тыныштық

Қасиеттер

Мейірімділік, жауапкершілік, шынайылық

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Міндеттері

Білімділік: оқушыларға ізгі қарым-қатынастың мәнін аша отырып, кішіпейілділік қасиетіне түсінік беру.

Дамытушылы:. оқушыларды айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, ізеттілік қасиетіне баулу;

Тәрбиелілік: оқушыларды үйлесімді өмір сүруге, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім сөзінің мәтіні

Ресурстар

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Өзін-өзі тану сабағына қош келдіңдер. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Адами қарым-қатынастар әлемі». Бүгінгі сабақтан айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасау туралы түсінігімізді кеңейтетін боламыз. Бүгінгі сабаққа барынша белсенді түрде қатысып, ой-өрісімізді шыңдайық. Сабақ пайдалы әрі қызықты өтеді деп сенемін! Ендеше бүгінгі сабағымызды бастайық!

1 слайд

Дәйексөз

Кішіпейілділік – кісінің көркі.                                 

                                         (Халық нақылы)

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?
  • Кішіпейілділік дегеніміз не?

(Дәйексөзді оқушылар қайталайды және ұлдарға , қыздарға қайталатады)

2 слайд

Оқиға әңгімелеу

 Әдібай Табылдының «Сәлем» атты оқиғасын әңгімелеп беру.

3-4 слайд

Әңгімелесу

1. Әкесінің баласына ескерту жасауының себебі неде?

2. Сәлемдесу кезінде адамның бойында қандай қасиеттер            
         көрініс береді?
3. “Сәлем – сөздің анасы” дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Өзің адамдармен қалай сәлемдесіп жүрсің?

 

5 слайд

Шығармашылық іс-әрекет

1 – тапсырма, 91 бет.

Мәтінді оқыңдар. «Әдепті адам қандай болуы тиіс?» ереже құрастырыңдар.

6 слайд

Үй тапсырмасы

Жоба тапсырмасы. 96 бет.

Өз жобаңды іске асыр. Жобаның дайындық барысын дәптердегі жоба күнделігіне сипаттап жаз. Сұрақтарға жауап бер:

1. Жоба барысында қандай біліктер мен дағдыларды игердің?

2. Жоба нәтижесінде болашаққа қандай мақсаттар қойдың?

7 слайд

Қорытынды сөз

     Кішіпейілділік – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Бұл – өзін-өзі мақтаудан аулақ ұстайтын, жасаған жақсылығын жария етпейтін адам. Кішіпейіл адам әрдайым басқа адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне ие болады.

     Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады. Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, өзге , олармен қарым-қатынас жасауынан көрінеді.

     Қарым-қатынас жасау барысында ойың, ниетің, іс-әрекетің,  мінез-құлқың жақсылыққа толы болсын.

8 слайд

Сабақтың аяқталуы

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабаққа барынша атсалысып, белсене қатысқандарың үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта қоршаған ортаны тануда табыс тілеймін! Сау болыңдар!

9 слайд


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз