Өлең, жыр, ақындар

Тұрақты сөз тіркестері

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы
"Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі" КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Аккалиева Гульназ Ержановна

Сабақ негізделген оқу
мақсаты      4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру.
4.2.2.1-тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
Сабақ мақсаттары    Барлық оқушылар: каллиграфиялық  нормаларды сақтайды, жазу техникасын жетілдіреді.
тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажыратады, мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады
    Көптеген оқушылар:сөз тіркестерінен тұрақты сөз тіркесін ажыратып, мәтінен табады 
    Кейбір оқушылар:  тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді,сөйлем құрастырады.
Бағалау  критерийі    Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін таба алады
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіре алады
Тұрақты сөз тіркесін қолданып  сөйлем құрастыра алады
Ойлау деңгейлері    Білу,түсіну, қолдану
Тілдік мақсаттар    Пәндік лексика және терминология : ат басындай, тайға таңба басқандай, қас пен көздің арасында
Диалогта қолданылған сөз тіркестері : Тайға таңба басқандай- анық, айқын
Талқылау: 
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Мысал келтір?
Құндылықтарды дарыту    Оқушылар бірлесе жұмыс жасайды, ортақ мәмілеге келеді (Ынтымақтастық, құрмет).
Пәнаралық байланыс    Әдебиеттік оқу (сөз тіркестері)
Алдыңғы оқу    Сөз тіркестері трлы түсініктері бар
Саралау    Дарынды оқушыларға қосымша ресурстар
Бағалау    Бірін-бірін бағалау, өзін-өзі бағалау
Сабақтың жоспары
Жоспарланған
уақыт    Сабақ барысы
Сабақтың басы
    Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
«Конверт » ойыны
Берілген сөздердің омоним,синоним,антоним қатыстырып сөз табу
(жүз,кілт,жақсы,үлкен,жаз,қара,ара,биік,әдемі)
Мақсат қою 
 Сөз тіркестеріінен тұрақты сөз тіркестерін  ажыратып, мәтенен табуды   үйренесіңдер    


Сабақтың ортасы   
    7тапсырма
Екі бағандағы сөз тіркестерін оқы.
Шарды үрледі
Бүйрегі ауырды
Қойдың аузындағы шөп
Шашы қобырады
Ала жіп алды    Үріп ауызға сал,андай
Бүйрегі бұрды
Қой аузынан шөп алмас
Төбе  шашы тік тұрды
Ешкімнің ала жібін аттамайды
Дескриптер:
Сөз тіркестерін оқы
Бағанның сол жағындағы сөз тіркестері не туралы екенің анықта
Оң жақтағы сөз тіркестерін не туралы екенің анықта
8 тапсырма
Сөйлемді оқы
1.    Ерланға жаны ашыды.  2.  Көз ұшында қарайыпбіреу көрінді.
3.Айдос әңгімеге құлақ қоймады.
Дескриптер:
1.Қарамен жазылған сөз тіркестерінің мағынасын түсіндір
 2.Тұрақты сөз тіркестерін «аяды», «алысты», «тыңдамады» сөздерімен алмастырып айтып көр. Не байқадың?
3. Қай нұсқадағы сөздер ойымызды көркемдеп, әсерлі жеткізді
9. тапсырма
Тұрақты тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Қас пен  көздің арасында,  тайға таңба   басқандай,   мойыны жар бермеді.
Дескриптер:
Сөйлем құрастырып көркем жаз
Бұл сөздердің тұрақты тіркес екенін дәлелде
10.тапсырма
Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндір. Бір мамандықпен байланыстырып, монолог құрастырып жаз
Ат басындай, көзді ашып-жұмғанша, қара қылды қақ жарған. Құлақ салды.
Дескриптер:
Мамандық таңда
Осы мамандыққа тұрақты тіркестерді қатыстырып,сөйлем құра
Топтық жұмыс
1-топ- 22 жаттығу.
2-топ- 23-жаттығу.
3-топ -24- жаттығу.
4-топ -25 жаттығу.
«Сәйкестендіру» арқылы тапсырма орындау
1-топ. 
Екі езуі екі құлағына жету – қуану
Екі көзі төрт болды – қорықты
Көз байлау – алдау
Көзге түртсе көргісіз – қараңғы
Көзден ғайып болу – жоқ болу
2- топ
1. Ат ізін салмау –келмей кету
2. ауызының салымы бар-несібелі кісі,
3. қол ұшын беру --көмектесу
4. құралайды көзге атқан-мерген
5. Құнт қылмау--- ескермеу
3-топ:
1. инемен құдық қазғандай-  қиын, ауыр
2. мойны жар бермеу -
3. жүрегінің түгі бар-батыр
4. Бүйректен сирақ шығару-болмашы нәрседен шатақ шығару
5. кірпік қақпау-ұйықтамау
4-топ
Тату, дос – арасынан қыл өтпейтін
Алыс, қашық – ит арқасы қиянда, ит өлген жер
Ұялу – жерге кіріп кете жаздау
Ұрлық – қолды болды
Момын – қой аузынан шөп алма

с

12. тапсырма
«Керісінше сөзжұмбақ» 
1.______________                      1.________

__________
2.______________                      2.__________________
3.______________           3.___________________
Дескриптер:
Сөзжұмбақтағы сөздерге сәйкес тұрақты сөз тіркесін тауып жаз
Қосымша тапсырма
    Оқулық

карточкалар
Сабақтың соңы
    Рефлексия.    
Жетістік баспалдағы
Үйге тапсырма  11 жаттығу суреттерге қарап тұрақты сөз тіресін тауып жаз    


Пікірлер (6)

gulnazakkalieva

 кереметyes

іңкəр

қазақ тілі

ТУЛЕУОВА БАНУ ЕРЛАНҚЫЗЫ

Кешіріңіз мен негізі мағынасы деп едім

динара

мен қазақ тілден бжб жазып отырғанмын тортінші тапсырма қиын екен.

Толғанай

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз