Эссе және өлең-жыр байқауы

Әжетайым менің. Фариза Оңғарсынова

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе селосы
№7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Мустажаева Актилек Жолболдиевна 

Сабақтың тақырыбы:

Әжетайым менің. Фариза Оңғарсынова. Әже. Сүйікті әжем. Марат Қабанбай. Айгүлдің әңгімесі.

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  2

Қатысқан оқушылар  саны:

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу    

2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.    

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы:

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға бөлу.

Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.

Картинки по запросу водежда гифКартинки по запросу водежда гифКартинки по запросу водежда гиф

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Балалық шақтан қызықты оқиға»

Мақсаты: эмпатияны дамыту.

Нұсқаулық: «Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.

Талдау:

Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

 

1-топ:

Жазушылар

2-топ: Зерттеушілер

3-топ: Суретшілер

 

«Балалық шақтан қызықты оқиға»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Оқулықпен жұмыс;

Мақалдың мағынасын ашу;

Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы – жылы.

Венн диаграммасы бойынша жұмыс.

Күн Ана

Күн жер бетін жылытады, ал ана үйді жылытады.

Ал анадан кейін, сендерді күтетін, еркеліктеріңе көнетін тағы кім қымбат? Оны білу үшін мына сөз жұмбақты шешіп көрейік.

Батыр, алғыр баламыз,

оқып білім аламыз.

Сөзжұмбақтар шешеміз,

Жетілсін деп санамыз.

Сөзжұмбақ шешіледі.

- Балалар, бүгінгі сабақта Әже атты өлеңмен танысамыз. Бұл өлеңді де жазған Фариза Оңғарсынова апамыз екен.

Өмірі мен шығармашылығы туралы

Фариза Оңғарсынова - Халық жазушысы. 1939 жылдың 5 - желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл - әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.

1966 - 1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968 - 1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.

Замандастар көзімен

«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»

Нұрсұлтан Назарбаев.

«Фаризада халықтық рух бар, ол — елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын»

Әбділда Тәжібаев.

«Фариза - поэзияның іші мен тысын ойлай алатын ақын»

Ғабит Мүсірепов

Балалар, әже деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді?

- Әже қандай адам?

- Әжеңнің есімі кім?

- Нағашы әжеңнің есімі кім?

- Ол қайда тұрады?

- Әжеңді соңғы рет қашан көрдің?

- Сен көргенде әжең қандай көңіл күйде еді?

- Әжең саған қандай ақыл айтты?

- Әжең сені еркелеткенде қалай атайды?

 

 

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

Талдау

Ананың махаббатына, ананың тілегіне еш нәрсе жетпейді. Шырылдап жерге түскеннен - ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - ана! Ол саған бәрінен қымбат. Сондықтан да сен бір - ақ жанды білесің. Ол - ана!

Міне анаға деген махаббат туған күніңнен - ақ басталады. Ана деген ардақты ат. Ананы құрметтеп, сыйлай біліңдер! Әже - әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын - ел анасы. Қазақ халқының заңы бойынша әжені әрбір адам танысын, танымасын оған сәлем беріп, құрмет көрсетуге тиіс.

4. Оқулықтағы “Әже өлеңін” мәнерлеп оқып беру;

5. Балаларға іштей оқыту.

6. Балаларға тізбектей оқыту

7. Сергіту сәті.

Әжелер құрметіне Асыл әжем әнін орындап сергіп алайық.

8. Дәптермен жұмыс.

Ақын қолданған сөздерге назар аудару. Сызбаны толтыру.

Ақын қолданған көркем сөздер

Мағынасы

.........

......... Ренжіп, ашуланып

Мақтап, шаттанып

9. Шығармашылық жұмыс.

1 - топ. «Әже» тақырыбында шығарма жазу.

2 - топ. «Әже» тақырыбына өлең шығару.

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін әндерін

(Ұйқастарын пайдаланып бір шумақ өлең құрастыру)

10. Уақыт болып жатса, ситуациялық сұрақтар беремін, жауап аламын.

Сен мектепте тәртіпсіздік істедің, әжеңді мұғалім мектепке шақырды. Сенің әрекетің? (Бәрін мойындап кешірім сұрау)

11. Қорытындылау. Балалар кімнің өлеңін өттік? Өлең кім туралы айтылған? Кім әжесін жақсы көреді? Кім әжесіне қандай сыйлық сыйлайды? Әже еңбегін қалай ақтар едің? түсіндіреді.

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Қара жорға

видеожазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез  «АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ» әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру.

«АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ» әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру.

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

 

Оқушының аты-жөні

«Жариялау» әдісі

«Салыстыру кестесі»

«Ыстық орындық» орындық әдісі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Белгілер» әдісі

Похожее изображение

 

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Белгілер» әдісі. Рефлексия парағы.

Үйге тапсырма: оқу,  дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...