Эссе және өлең-жыр байқауы

Түлкі мен қырғауыл

Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 Орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Сансызбаева Толкын Зарыпкановна 

Пәні

 Қазақ тілі

  Мұғалім: Сансызбаева Толқын Зарыпкановна

Сынып

5 (орыс тілінде оқытылатын сынып)

Сабақтың тақырыбы

Түлкі мен қырғауыл (ертегі) 9-10 сабақ

 Мақсаты

   1. Мәтіннің мазмұнын ұғады, түсінеді. Мәтіннің идеясы бойынша ой түйеді, қортынды шығарады.

   2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

   3. Сөдік қоры дамиды, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Қажетті жабдықтар

   Оқулық, суреттер. смаиликтар, ватман, маркер.

Әдіс-тәсілдер

   Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын түрлері, логикалық ойлау, сахналық қойылым.

Пәнаралық байланыс

   Әдебиет, музыка.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

2 мин.

 

 

 

3 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

-амандасу,

-түгендеу

Үй тапсырмасын тексеру:

Жіктік есімдігін қайталату (жекеше, көпше түрде).

 I ж.   Мен оқимын

II ж.   Сен оқисың

          Сіз оқисыз

III ж. Ол оқиды

Аң-құстардың (жабық суреттерін) алу бойынша топтарға бөлінеді.

-оқушылар амандасады,

-кезекші оқушылар сабаққа -келмеген оқушыларды айтады

 

Барлық оқушыларды қамту.

 

 

 

 

 

 екі топқа бөлінеді

Кіріспе

3 мин.

Сабақтың мақсатын анықтау:

Құстармен аңдар туралы жұмбақтар жасыру

  Кеудесі қайқаңдап ,

  Жүреді байпандап.     (Қаз)

Шұнтиып қос құлағы,

Түнде көрек қырағы.    (Үкі)

Қорыққанда жел аяқ,

Отырғанда томардай-ақ. (Қоян)

Өзі ширақ,өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Оқушылар мұғаліммен бірлесіп жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

 

Негізгі бөлім

 

7 мин.

 

 

 

 

3 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин.

 

 

 

4 мин.

 

 

 

5 мин.

 

 

7 мин.

 

Жаңа сөздермен жұмыс: (Оқулықтан оқыту, қайталату)

Топтық жұмыс.

1-Тапсырма Мәтінмен жұмыс (оқылым).

 Мәтінді  рөлге бөліп оқиды.Мәтін кейіпкерлерін адам қасиеттерімен салыстырады және өмірмен байланыстырады.

 

2-тапсырма. (жазылым).

Кестедегі сөздерді дұрыс  тақырыпқа сай сәйкестендіріп жазу.

қырғауыл        естімейді

құлағым           шықты

бұйрық           ағаштың басында отыр

қазіргі           зорлық қылмасын

ешкім               қарамады

алды-артына       заман

3-тапсырма. (айтылым).

Әр сұраққа үш нұсқаның ішінен дұрыс жауапты тауып айт.

1.Түлкі қалың ағашты аралап келе жатып нені көрді?

Жауаптары:

-Түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, қырғауылды көрді.

- Түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, қоянды көрді.

- Түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, кірпіні көрді.

2.Түлкі: Жерге түсіп; сөйлессеңіз қайтеді? дегенде қырғауыл не деді?

Жауаптары:

-Қырғауыл: «Жерге түсуге сенен қорқамын!»-деді.

-Қырғауыл: «Жерге түсуге аюдан қорқамын!»-деді.

-Қырғауыл: «Жерге түсуге  қорқамын!»-деді.

3.Қандай бұйрық шыққан?

Жауаптары:

-«Біреуге біреу зорлық қылмасын!»-депті

-«Біреуге біреу тамақ бермесін!»-депті

-«Біреуге біреу маза бермесін!»-депті.

Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты» ойынын ойнату. (Таныс сөздерді айтып қайталайды және жаңа сөздерді қолданады).

-Ұшты-ұшты кітап ұшты,

- Ұшты-ұшты қонжық ұшты,

-Ұшты-ұшты қырғауыл ұшты т.б.

4-тапсырма. (жазылым)

Оқулықтағы жазба жұмысын орындату. Қажетті сөздерді дұрыс көшіріп жазып шығу.

Қажетті сөздер: аралап,әңгімелесейік,түспеді,отырған, жеп қояды.

1.Бір күні түлкі қалың ағашты... келе жатты. 2.Ол ағашта ...қырғауылды көрді. 3. Түлкі қырғауылға « ..., жерге түс!»-деді. 4.Қырғауыл жерге .... 5. Ол «аңдар» ... деп қорықты.

6- тапсырма. Оқиғаны ары қарай жалғастырып айт. Мәтіннің басы баяндалады. Мысалы: бір түлкі ағашты аралап келеді. Ол қырғауылды көреді...

6- тапсырма. Диалогті тыңдаңдар. Жұп болып, түлкі мен қырғауылдың рөлінде қойылым жасаңдар.

 

 

 

Т кестесі әдіс-тәсілін қолдану.

Мәтінді оқушылар оқиды және топтың ішінде талқылайды. Әр топ өз кейіпкерлерін қорғайды.   Екі кейіпкердің дұрыс және бұрыс қылықтарын анықтайды. Мәтіннің ішінен дәйектер келтіреді. Өз ойларын қосып топ мүшелері қорғап шығады.

 

Дәптерлеріне орындайды.

 

Ыстық орындық әдіс-тәсілін қолданамын.

Топпен жұмыс:  2 топ мәтіннің ішінен дұрыс жазылған жауаптарды табады,  оқып береді немесе айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындарынан тұрып барлығы сергіту жаттығуын орындап шығады.

 

Логикалық ойлау арқылы, сөйлемдерді дұрыс орын тәртібімен жазады.

 

ары қарай оқушылар жалғастырып айту қажет.

 

Әр топ мүшелері 3,5 мин. қойылым көрсетеді.

Қортынды

3 мин

- Тақырып бойынша қандай ой түйдік?

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Қандай тапсырмалар қиын болды?

Оқушылар жауап береді.

Бағалау

2 мин.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға смаилик үлестіру

Күнделіктеріне жапсырады.

Үй тапсырмасын беру.

2 мин.

10 тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап жазып келу.

Тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер қарастыру (ауызша).

Күнделіктеріне жазғызу


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...