Ойын арқылы танымдық қызығушылықты арттыру

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы
«Балауса» бөбекжай-бақшасы
Тәрбиеші:1–ші санатты Хасенова Кульзинеп Зулгаровна

Таным — адамның объективті шындықты бейнелейтін және қайта жаңғартатын қоғамдық іс-әрекет барысы. Танымның негізгі және білімнің ақиқаттығының шарты — танымдық іс-әрекет.

Танымдық қызығушылық — балалардың білімге деген ақыл-ой әрекеті.
Танымдық қызығушылық себеп-салдарлық байланысты орнату.

Әсерлі әрі дұрыс ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті балалардың әртүрлі ойындарға қатысын анықтауға, олардың ойынға берілуі, араласу дәрежесін біліп отыруға, сол арқылы олардың ықыласын одан әрі дамытуға, ойынды педагогикалық мақсатты мазмұнмен байытып отыруға зор көмегін тигізеді.

Дұрыс іріктелген және ұйымдастырылған ойындар баланың жан-жақты және үйлесімді дамуына, денсаулығын нығайтуға, қасиеттермен мен дағдыларын жасауға көмектеседі.

Мектепке дейінгі балаларда ойынның арқасында бала тұлғасы жағынан ұйымшылдық, достық қатынас, ұйымдастырушылық қабілет қалыптасады.

Ойын барысында қиял шектеліп, белсенділік көрсетіліп және ол мол әсер алады. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнектіліктер мен материалдар күні бұрын дайындалып, оңай жерге қойылуы керк.

Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі әбден түсіндірілгені жөн.

- Ойынға балалардың түгел қатысуын қадағалау керек, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жектеулі болу керек.
Балаларды түгел қатыстыра отырып, оларды шешім қабылдауға, ойын үстінде тез ойлана білуге жетелеу — тәрбиешінің міндетті.

Психолог А.С.Выготский "Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адамдар секілді көрінеді", - деп дәлелдеген. Осыдан-ақ ойын әрекетінің баланың даму сатыларына жетелейтінін көруге болады. Қорыта келгенде, әрбір ойын элементтерін балалардың деңгейіне қарай таңдап ала білсе, қолдана білсе болғаны.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)