Ө.Тұрманжанов Қарлығаш

Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Қарлығаш»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды-идеяны ұғындыру.

2.Ой өрісін дамыту,мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.

3.Құстарға қамқор болуға,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс:қазақ тілі,дүниетану,бейнелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, видео

 

Сабақтың жүрісі:                                        І.Ұйымдастыру

- Амандасу, зейінін сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасы

  • Жаралы торғай

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

  • Торғайдың неге ән салуға зауқы болмады?
  • Торғайдың қасына жақындаған кезде, ол не істеді?
  • Автордың айтайын деген негізгі ойы неде?
  • Құс туралы мақал айт
  • Өлеңнің авторы кім?

ІҮ. Жаңа сабақ

І топ Қарлығаш

ІІ топ Дәуіт

ІІІ топ Жылан

     Өтебай Тұрманжанов (1905 - 1978) Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында дүниеге келді. Жазушы. Қазақ мақал-мәтелдерін құрастырған, балаларға арналған «Біздің қарлығаш» әңгімелер жинағы, «Бозторғай»,  «Жауқазын»,  «Ұршық» өлеңдер жинағы бар.

 

«Қарлығаш» өлеңін мазмұнын түсіндіру.

       Қарлығаштар әр түрлі жерде тіршілік етеді, олар бір-бірінен түр-тұрпаты жағынан да, тіршілік ету жағынан да ерекшеленеді.  Бірақ барлығының да қанаттары ұзын, жіңішке және үш жағы сүйір болып келеді,қала қарлығашы мен ін қарлығашының құйрығы оншалықты ойық емес, ал қыстау қарлығашының құйрығы екі айыр болады.

       Қарлығаштың ұшуына қарап, олар шарқ ұрып, ойнап, күн нұрына шомылып жүр ғой деп ойлайсың. Ал іс жүзінде олар үнемі жұмыс істеп – насеком аулап жүреді.Ұялайтын жерлеріне, мәселен, Қазақстан территориясына, наурыз айының басында келе бастайды. Ұясын ағаш пен жартас қуысына, жар қарлығашының ініне, шатырға және басқа жерлерге сала береді.    

- Қарлығаш туралы не білдік?

 

1.«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісінің бейнефильмін көрсету. «Ой қозғау» әдісі

Ертегіні көріп, тамашалайды, талдайды.

 

2. Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы өлеңді өз бетімен түсініп оқиды және тізбектеп барлық балаға оқыту.

 

3. Дәптермен жұмыс.

Сөздікпен жұмыс

Таянып – жақындап,

Күйбеңдеді - әрі –бері ұшып, мазасызданды,

дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік,

сұлап түсті- өліп қалды.

 

«Миға шабуыл» әдісі

1. Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? Ұяда неше балапан бар дейді? (6)

2.Бір күні қарлығаш ұяға жақындап ақлған нені көрді? (жылан)

3.Қарлығаш жыланнан қалай құтылды? (дәуіт арқылы)

4.Жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерін тауып оқы. Оқыған кезде қандай сезімде болдың? (Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні - бірлікте болып , қайырымдымды болуға, ана қадірін ұқтырып, ананы сүюге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу)

Жыланды түсі суық танып тұрды,

Көзінен мөлт- мөлт жасы тамып тұрды.

Анаға бала деген қандай қымбат!

Жүрегі алас ұрып жанып тұрды.

 

Өлеңге сатылай кешенді талдау « Қарлығаш»өлеңі

1 Авторы - Өтебай Тұрманжанов

2 Тақырып- Табиғат жәндіктері мен құстар арасындағы тартыс

3 Жанр түрі - поэзия (өлең) өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4 Идеясы- бірлікке, татулыққа, қайырымдылыққа баулиды, ақ пен қараны айыра білуге, ананың бар арманы- баласының амандығы.

5 Шумақ - аяқталған синтаксистік тұтас бір ойды білдіреді.14 шумақ

6 Тармақ- өлеңнің бір жолы 4х14=56 тармақты

7 Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі 3 бунақты өлең

8 Буын саны- сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты 11буынды

9 Ұйқас - өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін - ұйқас дейміз. Қара өлең ұйқасы- -а-а-ә-а

 

 

1-тапсырма

Шығармашылық тапсырма: 3 топқа (2 баладан шығады)

 «Алты қалпақ» әдісі бойынша

Ақ : өлеңнің негізгі ойы не?

Сары: Қарлығаш неге киелі құс?

Қара: Жылан неге зияндық жасайды?

Қызыл: Дәуіт пен қарлығаштың достығы туралы ойың қандай?

Жасыл: Жыланның зұлымдығын көрсең сен қарлығаштың балапанын қорғау үшін не істер едің?

Көк: Берілген жауаптар туралы сенің қорытынды ойың?   

 

Сергіту сәті. «Қос қарлығаш»

 

«Жұптас. Ойлан. Талқыла» әдісі

Шығармашылық жұмыс.

1-топ. Құстарға қатысты ауа райы. Яғни жорамалдар

2-топ. Қарлығаш, дәуіт, жыланға қатысты мақал-мәтел, нақыл сөз, тыйым сөздер

3-топ: Құстарға қатысты ырымдар

 

1-топ: Біздің халық ежелден ақ құстарға әуес, халық ұлдарын сұнқарға теңесе, төгілтіп ән шырқыраған әншісін бұлбұлға, батырларын бүркітке, елден асқан сұлуларын аққуға теңеген. Ата-бабаларымыз құстардың атымен қыздардың есімдерін қойған. Мысалы: Сандуғаш, Ұлар, Қарлығаш. Құстардың қанатына қарап, ою өрнектер де салған. Ән де шырқаған.

ә) Құстар ауа райын да болжайды екен.

1. Қарға қарқылдаса, қар жауады

2. Көкек қатты, әрі жиі шақырса, күн жылынады.

3. Қарлығаш биік ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер барлап ұшса, жаңбыр жауады.

4. Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.

 

2-топ: 1. Жыланның сырты жылтыр, іші у.

2. Жыланның басына ақ құйып шығарады.

3. Ордалы жыланмен ойнама.

4. Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.

5. Үйге дәуіт кірсе, бәріміз қуанып, енді жақсылық болады, бақытты боламыз, отбасымыз аман болады деп айтамыз.

6. Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егіз төлдейді, ақ мол болады. Ал, үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдің жан басы көбейеді.

 

3-топ:

1. Құстың ұясын бұзба!

2. Құстың балапанына тиіспе!

3. Құсқа, жаралы құсқа тас лақтырма!

5. Құс жұмыртқасын бұзба.

 

III. Ойтолғаныс

Рефлексия

«Білім ағашы» әдісі

Өзін-өзі бағалайды, ойларын айтады, білім ағашына стикермен жапсырады.

 

VI Сабақты қорытындылау

    Жаппай тапсырма Қандай осы тақырыптарға байланысты ырымдар, аңыздар, әңгімелер білесіңдер? Дәуіт - пайғамбар есімі, араб тілінен аударғанда «сүйкімді,тартымды» деген мағынаны білдіреді. Жыланға ақ құйып шығару - үйге келген қонаққа міндетті түрде ертеде ақтан ауыз тигізетін болған, міне үйге келген жауға да ақ құйып құрметтеу дегеннен шыққан екен. Бүкіл ел көшіп бара жатқанда Төле бидің үйінің шатырына қарлығаш ұя салып, содан Төле би қарлығаштың балапандары әбден қанаттанғанша көшпей қалып қойған, содан «Қарлығаш әулие атанып » кеткен.

VІІ. Үйге тапсырма

«Құстар біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрау

Өлеңді мәнерлеп оқу, түсінік айту

Бағалау



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)