Киіз үй

Сабақ: қазақ тілі

Мектеп: №9 Некрасов мектеп гимназиясы

Тақырыбы:

Киіз үй

Күні: 16.11.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Еділбаева Г.Б

СЫНЫП: 9 ж,9г,9з

   

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

 - Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және түйінді тұстарын анықтау.

 - Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлауға, жүйелі мазмұндап жаза білуге үйрету.

Бағалау критерилері:

 1. Мәтінді жоспар негізінде әңгімелей алады;

 2. Мәтін бойынша сұрақ  қоя алады;

 3.Сөйлемдерді сөз құрамына талдай алады;

 4. Шығармашылық жұмыс жасай алады және теориялық білімдерін шыңдайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге міндетті:

 

1. Мәтінді жоспар негізінде әңгімелейді;

 

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

   1. Мәтін бойынша сұрақ қоя алады;

    2. Морфологиялық талдау жасай алады;

 

Кейбір оқушылар орындай алады:

 

3. Сыни ойлау арқылы әдеби тілде сөйлеп, әдеби тілде жаза алады, шығармашылық жұмыс жасайды, теориялық білімдері шыңдалады;

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді, мазмұндай алады;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:киіз үй, шаңырақ, кереге, уық, баспана, киелі, шаңырағың биік болсын, сәлем беру,дәм тату.

Алдыңғы оқу

«Қарлы кесек» әдісін қолдана отырып,өтілген тақырып бойынша сұрақтар қоямыз.
  1. Сәлемдеме дәстүрі жайлы әңгімелеңіз.
  2. «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукексер», «Ашамайға мінгізу» дәстүрі жайлы әңгімелеңіз.
  3. «Атаның сөзі-ақылдың көзі» мәтіні бойынша әңгімелеңіз.

Жоспар

Уақыт өлшемі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

2 мин

 

 

3 мин

Жоспарланған жаттығу түрлері

 Оқушыға психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Ыстық алақан» тренингин өткіземін.  1. Оқушыларды түгелдеу. 2. Сынып оқушыларын жылдың төрт мезгілінде туылған күндеріне қарай топқа бөлемін. 

Ой қозғау стратегиясы:

 Слайд №1.

(Киіз үй сөзін естігенде қандай ассоциация туады.)

АКТ

Ортасы

   

 

          7   мин

  Мәтін бойынша берілген сөздермен жұмыс. (аудармасы кітапта)
Кереге, киелі мүлік, қанатты үй, керегесі кең, уық, шаңырақ, жұп–жұмыр, баспана, бас сұғу.
1. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрастыру. Ағаш кереге, бесік киелі мүлік, киіз үй қанатты үй, киіз үйдің керегесі кең, киіз үй уығы, біртұтас шаңырақ, жұп–жұмыр қол, халық баспанасы, үйге бас сұғу.
2. Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

Оқулық

 Дескрипторлар

  - Аударма сөздікпен жұмыс жүргізе алады;

  - Сөз тіркестерін құрастыра алады;

  - Сөйлем құрастыра алады;

      4

      4

      4

 

10 мин

    Тыңдалым (мәтінді түсініп тыңдау) 
Киіз үй –қазақ халқының негізгі баспанасы.Көшпелі халықтар үшін өте қолайлы және лайықты. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдардан бері пайдаланып келеді. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үй кереге, уық, шаңырақ деген негізгі бөлшектерден тұрады. Сыртынан киізбен жабылады. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. 
Әр топқа 2 сұрақтан беріледі. 

Оқулық

 

 

Дескрипторлар

     -Мәліметтерді түсініп оқи алады;

     -Сұрақтарға жауап бере алады;

      4

      4   

 

10 минут

    Оқылым. Мәтінмен жұмыс 
1 топ-82 бет 
2 бет-83 бет 
3 топ-мәтін беріледі. 
-мәтінді оқып, оның негізгі идеяларын топтаса отырып, түсінгендерін кластерге сурет арқылы салады.Топтар жауаптарын стикер арқылы бағалайды. . 

АКТ,оқулық.

Дескрипторлар

  - шығармашылық жұмыс жасайды, теориялық білімдері шыңдалады;

  - жүйелі мазмұндап жаза біледі;

      4

      4

тапсырма

10 минут

 Жазылым–дәптермен жұмыс 
1) 4 тапсырма орындау. 82 бет. 
2) Кәртішкелермен жұмыс.(сөздерді талдау) 
3) 4 тапсырма, 84бет, 6-тапсырма,85 бет. 

Дидактикалық тапсырмалар жинағы

Дескриптор

 - Сөйлемдерге сұрақ қойып жаза алады;

 - Этнолингвистикалық атауларды атай алады және оларға сипаттама бере алады;

 - Киіз үйдің негізгі бөліктерін айта алады;

4

5

5

Соңы

3-минут

Үйге тапсырма: Киіз үйге қатысты тыйым сөздерді жазып келу.

 

Қосымша ақпарат

Саралау

1. Оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз ?

Бағалау

- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Көркем әдебиет, этногрфия

*оқушыларды марапаттап отырамын, ішкі уәждерін арттыруға көмектесемін.

*сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне қарай талдау

Формативті бағалау 2 жұлдыз,1тілек

Өзін өзі бағалау

 

 

Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

2. Бүгін оқушылар не үйренді?

3. Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

4. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

5. Уақытты қалай пайдаландым?

6. Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

 

Сабақ барысында оқушылардың этнолинвистикалық атаулармен танысуына, дүниетанымын кеңейтуді мақсат еттім және сол мақсатыма жеттім;

Жаңа сөздермен танысты, сөздік қоры молайды;

Сабақ орташа деңгейде өтті, жіберілген кемшіліктер болды;

Жоспарланған саралау жақсы іске асты, тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай дайындалған және орындай алды;

Оқушылар постер қорғау кезңнде уақытты тиімді қолдана алмады,сабақты жоспарлау кезінде ескере жүремін. Оқушылардың кері байланыстарын саралай отырып, күнделікті сабақ жоспарын жасауда ескеріп отыру;

Қорытынды бағалау

   Ең жақсы өткен екі нәрсе:

 1.Топқа бөлу,ынтымақтастық атмосферасын құру,ассоциация құру;

 2. «Қарлы кесек» әдісін қолдану;постер қорғау;

   Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1. Кейбір оқушылардың енжарлығы болмаса,сыни тұрғыдан ойлай алмауы;

2. Үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа деген құлшынысы арта түссе;

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)