Өлең, жыр, ақындар

Бұқар Жырау поэзиясын қорытындылау

Атырау облысы, Атырау қаласы
Тауман Амандосов атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Набидуллина Жазира Алхамқызы

САБАҚ  ЖОСПАРЫ     

ІІІ тоқсан

                  

45 минут

Пәні:қазақ әдебиеті

9г-сынып

Сабақтың тақырыбы

 Бұхар жырау поэзиясын қорытындылау   

Сілтеме         

Жоспар

Жалпы мақсаты

а) жыраулар поэзиясына берілген 10 сұрақтың  кемі 8-ін  5 минуттың ішінде оқушылардың 70 пайызы  қатесіз, дұрыс  таба алуы керек;

б) Топта жұмыс жасай білу мәдениетін қалыптастыру;

с) Өз пікірлерін еркін  айтуға баулу.

Күтілетін нәтиже

*                  Білу: Бұхар жыраудың  кім екенін, өмірі мен  шығармашылығы жайлы   білетін болады (барлығы)

*                  Түсіну: Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы-туған еліне деген сүйіспеншілік, елдің бірлігі мен бүтіндігі екенін түсінеді  (көпшілігі)

*                  Қолдану: Бұхар жыраудың жыраулар поэзиясынан алатын орнын анықтай алады  (кейбіреуі)

*                  Талдау: Бұхар жырау поэзиясының  ерекшелігін біле отырып,  өзге  жыраулар  поэзиясымен салыстыра біледі  (кейбіреуі)

Негізгі  идеялар

Бұхар жырау толғауларының өміршеңдігі мен бүгінгі күнмен байланысы жайлы қорытындылайды.  Топтық, жұптық және жекелеген тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау  мәдениетін қалыптастырады.

Тапсырмалар

топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс

Семантикалық карта, "Кеңейтілген  тапсырма", тест жұмысы,  шығармашылық жұмыс, ой-толғау.

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

 

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

1.Сыныпта жайлы ахуал қалыптастыра отырып, сандар тізбегі арқылы топқа бөлінуді ұсынамын.

 

II. Кіріспе  (2 минут)

 Оқушыларға бүгінгі сабақты Бұхар жырау шығармашылығы арқылы жыраулар поэзиясын қорытындылайтынымыз жайлы айтылады.

1-қадам бойынша Бұхар жырау шығармашылығын өзге жыраулар шығармашылығымен салыстыру  ұсынылады. Сыртқы бақылаушылар ауысады.  

Топтар 5  рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтап алады. Оқушылар оқулықта берілген мәтінді және қосымша ақпаратты оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және 4 топқа  4 түрлі тапсырма беріледі.

1-топ    Бұхар жырау мен Ақтамберді шығармашылығын;

2-топ    Бұхар жырау мен Доспамбет жырау  шығармашылығын;

3-топ    Бұхар жырау мен Жиембет жырау шығармашылығын ;

4-топ    Бұхар жырау мен Шалкиіз жырау шығармашылығын салыстырады.

(Әр топтың баяндамашылары  жұмыстарын қорғайды) (7+3/10 мин).

Бағалау. Критерий арқылы өзін-өзі бағалау. Алдын-ала оқушылар ұсынған критерийді жазып қоямын.

Негізгі бөлім. 2-қадам. Семантикалық картамен жұмыс. Оқушыларға интерактивті тақтада  көрсетілетін семантикалық картаға  назар аудару керектігі ұсынылады. Жұмыс дәптерінде берілген кестені толтыру тапсырылады. Кестені орындап болған соң жауабын тексеру үшін тақтадағы кестемен салыстырып, дұрыс жауабының санын жазу тапсырылады. (3 минут)   

Оқушылар арасында өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздері айтылады. (Формативті бағалау.)

3-қадам. Жеке жұмыс. 4 нұсқада әзірленген тест сұрақтарына жауап беру   (5 минут)   Топ басшысы тест жауабын дескриптор арқылы бағалайды.

4-қадам.  Әр оқушы жұмыс дәптеріне кеңейтілген тапсырманың жауабын жазып шығады.                             (8 минут)  Деңгейі төмен оқушыларға арнайы тапсырма таратамын.

5-қадам. Шығармашылық жұмыс. Ой-толғау: «Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер?» тақырыбына эссе жазу ұсынылады. (7 минут)

 

ҚОРЫТЫНДЫ. Сыртқы, ішкі бақылаушылар тыңдалады. Жазбаша жазылған оқушылардың рефлексиялары тыңдалады. (5 минут)

Үйге  тапсырма

 (2 минут)

Шығарма жазу. « Көрші елдермен достықта, татулықта  болу-Бұхар жырының өзекті тақырыбы».


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз