Өлең, жыр, ақындар

Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек

Қысқа мерзімді жоспар

Утешова Кульсара Алимжановна

Педагогикалық шеберлік орталдығында жаңа форматтағы
бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған
№42 мектептің биология пәнінің мұғалімі

Пәні: Биология                  № 39 сабақ  Сынып: 8                  .

Сабақ  тақырыбы

   Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.

Сабақтың  мақсаты

   Қан кеткенде қандай алғашқы көмек беру керектігін ұғындыру.
   Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

   Қан кеткенде қандай алғашқы көмек беру керектігін ұғынады.
   Алған білімдерін өмірде қолдана біледі.

Сабақтың әдісі

   Топтық жұмыс, сұрақ-жауап.

Уақыты

Сабақ кезең/рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

3 мин

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

5 мин

 

Кіріспе

«Шаттық  шеңберін»  ұйымдастырамын.

Әр оқушы өзінің атының бірінші әріпінен  басталатын жақсы сөзді айтады

 

Бәйшешек гүлін жасайды. Гүлдің аналығында жазылған сан арқылы топқа бөлінеді. 

 

«Миға  шабуыл» әдісі 

 Үй тапсырмасы  бойынша оқушылар топтарға сұрақтар қояды.  Дұрыс жауап берген оқушыларға фигуратаратылады.Әрбір фигура 1балл.

1. Қанның тамырларда қозғалу себептері неде?
2. Қанның артериялық қысымы деген не?
3. Қандай қысым ең жоғары,қандай ең төмен?
4. Қан қысымы қандай құралмен  өлшенеді?
5. Қан қысымының 150мм с.б. артуы қалай аталады?
6. Қан қысымының 70-80 мм с.б.дейін төмендеуі қалай аталады.
7. Тамыр соғуыдеген не?
8. Қан қолқада, артерияларда, капиллярларда қандай жылдамдықпен ағады
9. Артерия қабырғасының  бірыңғай салалы бұлшық етіне тамырды қозғалтатын жүйкенің қандай түрлері келеді.

Шаттық  шеңберінде  оқушылар  бір-біріне  жақсы  тілектер  айтады.

 

 

Оқушылар  4-топқа  бөлінеді: 

 

Сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпты естеріне алады және қарым-қатынасқа түседі.

1. Жүректің ырғақты (ритм) жұмысының нәтижесінде.
2.Жүректің жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсіретін қысымы.
3.120-80 мм с.б.
4 Тонометр
5. Гипертония
6. Гипотония
7. Жүрек жиырылған  сайын пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі.
8. ( 5м/с, 0,25м/с, 0,5м/с)
9.Тамырды кеңейтетін және тарылтатын жүйкелер.

 

 

 

 

 

Топ сандары жазылған

Қағаздар кестеше.

 

 

 

Оқулық,

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпқа көпір: Қоржынға салынған заттарды ең жүрек жұтқан оқушының алуын сұрады.Қоржыннан : дәке таңғыш, йод ерітіндісі, жгут шықты.

Бұл заттар не үшін қолданылады?

Олай болса біздің бұгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.

Балалар қан кету  және оны тоқтату үшін көрсетілетін алғашқы көмек туралы не білесіздер.

БББ кестесінің 1 және 2-графаларын  толтыруды ұсыну.

Білемін

Білгім келеді

Уйрендім

 

 

 

 

Топқа тапсырма беріледі.

1-топ: Жүрек және қан тамырлары жұмысын нығайтатын жағдайлар. Капилляр қан кету кезінде көрсетілетін көмек.
2-топ: Жүрек ауыруын туғызатын жағдайлар.
3-топ. Веналық қан кету.
4-топ. Артериялық қан кету

Әр топ өз тақырыптарын мазмұндайды, осы жағдайлардағы алғашқы көмекті іс жүзінде көрсетіп беруі қажет.

 

Қан кеткенді тоқтату үшін.

 

Берілген жаңа тақырып бойынша БББ кестесін толтырып, сынып алдында толтырған кестені дәлелдейді.

 

 

 

 

 

 

Кесте толтырады

 

 

 

Топта  жұмыс істейді.

Жауап береді

 

АКТ, маркер, БББ кестесі.

 

 

Оқушы дәптері, бағалау парақшасы

 

 

3 мин

Қорытынды

   Жаңа сабақтан уйренгендері бойынша БББ кестесінің 3-бөлімін толтыруды ұсынады.

   Кейбір оқушылардан жазғандарын оқудысұрау.

Жаңа сабақтан уйренгендері бойынша БББкестесінің 3-бөлімін толтырады.

Жаңа сабақтан біліп-үйренгендері туралы жазған мәліметтерін оқиды.

Оқулық

2 мин

Бағалау.

   Сыныптасын және өзін-өзі критериалды бағалау жүргіземін.

   Көңіл-күйлерін білу мақсатында смайликтермен формативті бағалау

Сыныптасын және өзін-өзі критериалды бағалап шығады.

Сабақтан алған көңіл-күйлерін смайликтермен көрсетіп шығады.

Бағалау парақшасы,  смайликтер

2 мин

Рефлексия

   Рефлексия

   Оқушылар сабақта не үйрендіңіздер,не білдіңіздер, бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қандай болды  алдарыңыздағы стикерлкрге жазып,   Рефлексия кәрзенкесіне салыңыздар.

Өткен тақырып бойынша рефлексия жасайды.

 

Стикер

1 мин

Үйге тапсырма беру

§38 оқу, мазмұндау, тест шешу 150-151 бет

Күнделікке жазады.

Күнделік


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз