Өлең, жыр, ақындар

Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Ұзын Ата жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ақжанова Роза

   19.01.2017ж.

   Әдебиет

   11 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы:

   Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы

Мақсаты

   Жалпы мақсаты:  Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық   ақынның «Мен қазақпын» поэмасына талдау жасау. Ж.Молдағалиевтың қалам  өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына  сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.  

 Оқушыларды елін, жерін сүюге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу,  халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

   Күтілетін нәтиже:

  1) поэманың тақырыбы мен идеясын ашады, мазмұнын толық меңгереді..

  2) оқушыларды поэманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдайды.

Көрнекілігі

Әдебиет оқулығы, слайд, флипчарт, маркерлер, портрет, т.б.

Топқа бірігу

  І. Ұйымдастыру кезеңі.

    Шаттық шеңбер құрып, күн сөзі арқылы бір-біріне тілектер айтады.

«Бас, қол, арқа» ойыны арқылы жағымды атмосфера қалыптастырады және топқа бірігеді.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

 

Қызығушылықты ояту

   ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

   1. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап»

   1) М.Иманжановтың  досы кім? (Б.Бұлқышев)
   2) М.Иманжановтың  тұңғыш шыққан  әңгімелер жинағы қалай аталды? («Жастық»)
   3) Халықтың көңілінен шыққан шығармасы қалай аталады? («Алғашқы айлар»)
   4) «Алғашқы айлар» повесіндегі  басты кейіпкер кім? (Жақыпбек)
   5)  Жақыпбектің ауылға  келгенде сол ауылдың тұрмыс –тіршілігіне көңілі толды ма?
   6) «Алғашқы айлар» повесіндегі мектеп директорының  аты-жөні  кім? (Күдері Қадіров)
   7)  Жақыпбек Әділбеков  келген  ортасына әсер ете алды  ма?
   8)  М.Иманжанов неше жыл өмір сүрді? (42жаста)
   9)  М.Иманжанов қандай аурумен ауырды? (өкпе ауруының  ашық түрі)
   10)  Повестегі оқушылардың өмірі қазіргі оқушылардың өміріне ұқсайды ма?

    2. Ұстаз туралы эсселерін оқиды.

Мағынаны тан

   ІІІ. Ой шақыру.

   Картадан оқушылар Қазақстан жерін табады.

   Халық ауыз әдебиеті «Жер бөлу»

   Осы жерде қазақ жері қандай жер? (Қазақстан жерін картадан көрсетеді)

   Қазақ деген қандай халық? (Әр топтан жауап береді)

   Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964).    

Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ  жері мен суынан, желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты, пәрменді поэзияны танимыз.

  М.Базарбаев.

   ІV. Жаңа сабақ

   «Тереңнен маржан терейік»

   Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығы. 

   І топ: Сандар сыры (Ж.Молдағалиев өмірі)

   ІІ топ: Кластер әдісімен топтастыру (Ж.Молдағалиев шығармашылығы)

   V. Поэманы мәнерлеп оқу.

     Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.«Мен қазақпын» поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды? 

   1 топ 15-17 ғасыр 

   2 топ  18-19 ғасыр

   VІ. «Үш түрлі тіл - уақыт талабы» (Поэманың шумағынан бір-екі сөзді алып орыс тілі мен ағылшын тіліне аудару).

   І топ.

      Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген,
      Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
      Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
      Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

      Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,
      Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
      Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
      Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

   ІІ топ.

     Мен - қазақпын, белдімін, байтақ елмін,
     Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
     Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
     Мен Ленин есімін айта келдім.

     Айта келдім ақ - адал жүрегіммен,
     Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен.
     Ақын тілі, махаббат, бұлбұл тілі –
     Жыр ғып қазақ тілімен жүремін мен.


    VІІ. Сергіту сәті:
    «Мен-қазақпын» әнін тыңдау.

    VІІІ. «Талдау- табыс кілті»

    1 топ. Өлең құрылымына талдау. 

   Авторы:
   Тақырыбы:
   Әдеби жанры:
   Идеясы
   Теориялық ұғым:

   2 топ. Өлең құрылысына талдау

      Мен –қазақпын, ажалсыз анамын  мен,
      Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
      Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
      Дәірлермен құрдаспын, данамын мен.

 

Шумақ
Тармақ,
Бунақ
Буын
Ұйқас

    Сонымен бүгінгі сабақта қазақ  жері, қазақ  халқы,  «Мен — қазақпын» поэмасы оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Осы поэма туралы бір оқырман: 

    Мен - ҚАЗАҚПЫН! Неткен керемет, неткен тамаша жазылған поэма. Бұл поэмада қазақтың барлық басынан кешкен азаптары, қайғы-мұңы жазылған. Осы поэмада нағыз қазақтың бейнесі көрсетілген. Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын!!! Және әлемге паш етуге әзірмін!!!

    ІХ кезең. Дебат.

   Қазіргі уақытта қазақ тілінің даму деңгейіне көңіліңіз тола ма?

Ой толғаныс

   Х кезең. Сабақты қорыту.

   «Ақынға сыр» хат жазу.

   ХІІ. Рефлексия

   Көбелекті гүлге қондыру. (сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады)

Бағалау

   Бағалау парақшаларымен жұмыс (әр топтан топ басшылары бір-бірін бағалайды).

   Формативті бағалау.

   Сумативті бағалау.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы және «Мен қазақпын» өлеңін  жаттып келу.

   1 топ 1-4 бөлім 

   2 топ 5-7 бөлім 

Күнделіктеріне жазады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз