Өлең, жыр, ақындар

Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы

Пән мұғалімі:  Итжанов М.С.

Сыныбы: 10 «А»                             Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы

Білімділік: Сегіз сері туралы білімдерін кеңейту. Оның жан-жақты қасиеттерін дамыту. Шығармашылығын меңгеру, көркемдік ерекшеліктерін таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың Сегіз сері туралы білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, қосымша деректерді тиімді пайдалануға, өз ойларын жеткізуге ой - ұшқырлығына баулу. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, тұжырымды ой айтуға баулу, өз бетімен ізденуге үйрету.
Тәрбиелік: Сегіз сері туындыларының халықтық шығармаға айналғандығын дәлелдеу арқылы «Өнер - өшпес қазына» екендігіне көз жеткізу, эстетикалық тәрбие беру, пайым - парасатын кеңейту, халық өнерпаздарын бағалауға, ұлттық өнерді қастерлеуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

 Сабақтың әдістері:

Оқыту әдісі – іздену, сабақ өту әдісі – қозғау салу, оқу әдісі-ізденіс,.

Сабақтың жабдықталуы: оқулық, қосымша материал (газет–журнал материалы), интерактивті тақта, қағидалар, ән мен күй жазылған дискет

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

 Сабақтың барысы: 

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Өткен материалды қайталау.

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу.

Сегізсері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Сегізсері Баһрамұлы Шақшақов

- серілерге тәнқ асиеттер

- Сегіз – сері.

2. Өмірі мен шығармашылығы

Реті

Сегіз серінің өмірі мен шығармашылығы

1. Сегізі – сері. Сегіз оның есімі емес, есімі – Мұхамедқанапия. Басқа серіден айырмашылығы - халық оның өнерін бағалап, Сегіз сері атандырған, Сегіз бірнеше кісі емес, біркісі, яғни Мұха-медқанафия Баһрамұлының 8 түрлі өнеріне байланысты халық берген атау «Сегізқырлы, бірсырлы» дегеннен шыққан. Атасы Қожабергенжырау – Толыбай Сыншыұлы.

2. Тоғыз жасқа толмай жатып Мұхамедқанапия әке-шешесінен айырылады. Содан ұлы атасы - сол өңірге әйгілі, жан-жақты білімді Шақшақ шешеннің бауырында тәрбиеленеді. Немересінің ертеңгі күніне көп алаңдаған атасы оны солкезде ел ішіне сіңісті болған өнер атауларының бәріне үйретеді.

3. Сегіздің әкесі Баһрам батырдың арғы атасы Толыбайсыншының атақ-даңқы бүкіл қазақ сахарасына кең тараған. Толыбайсыншыдан артқы ұрпағына мұра болып қалған егіншілік, құсбегілік, емшілік, атбегілік, қолөнер мен аңшылықтың өзі де аз өнер емес. Соған қарамастан Баһрамнан бастап бұл әулетке батырлық пен балуандық және ақын-әншілік өнері дарып, тамыр жая бастайды. Кішкентайынан епті де қайратты, әрнәрсеге қызыққыш, талапшыл болып өсіп келе жатқан Сегіздің арнасы қалыптасқан бұл жолдан шығып кетпеуі заңды нәрсе болатын.

4. Сегіз сері есімі - елімізт әуелсіздік алғанша, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Т.Нұртазин, Ш.Сәтбаев еңбектерінде сөз болған.

5. Алғаш ақынның есімі мен мұрасын еске түсіріп қозғау салған әйгілі жазушы Ғ. Мүсірепов өзінің «Ұлпан» атты романында Сегіз сері туралы былай деп жазады: «Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын- әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоқжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, т. 6.Б.Бәрі де атақты – Сегіз сері ақынның мұрагерлері», - делінген.

Сегіз сері өлеңдері негізінен махаббат лирикасына жатады. Мәселен, 1. «Ақбақай», 2. «Ақерке», 3. «Алқоңыр», 4. «Әйкен – ай», 5. «Бозшұбар», 6. «Гауһартас», 7. «Ғайни», 8. «Жы-лой», 9. «Еңлік – ай» (Илигай), 10. «Көкем - ай», 11. «Қызғасәлем», 12 « Мақпал»,13. «Назқоңыр»(Ай қабақ), 14. «Сәулем – ай».

Тек «Ақбұлақ», «Бозшұбар» өлеңдері - Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне және оның жеңілісіне арналған.

Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов

Ұлы атасы Толыбай сыншы

Өз атасы Қожаберген жырау

Өлеңдері, әндері:

- «Гауһартас»
- «Қарғаш»
- «Ақбұлақ»
- «Ғайни – ай»
- «Назқоңыр»
- «Илигай»
- « Сәулем – ай»
- «Көкем – ай»
- « Ақбақай»

«Сегіз сері - атақтының атақтысы» Ғ.Мүсірепов

Халық өлеңдері, әндері:

 - «Ақбақай»
- «Назқоңыр»
- «Илигай»
- «Сәулем-ай»
- «Көкем-ай»
- «Ақбақай»

Осы кесте бойынша жаңа сабақты түсіндіру:

ІV Дәптермен жұмыс:

1.Сегіз сері туралы кестені жазу.

2. Шығармашылығынан әндер тыңдау.

V Қорытынды:

Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымызбен бірге жасасып келеді. Жүрегін ән тербеген бабалардан қалған асыл мұра бүгінгі заманымызға жетіп отыр.

VІ Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз