Өлең, жыр, ақындар

Power Point программасында сілтемелермен жұмыс

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Информатика пәнінің оқытушысы: Жоламанова Назира Аманқосқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Power Point программасында сілтемелермен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге презентация слайдтармен жұмыс істеуге, сілтемелер командаларын еркін пайдалана білуге үйрету,  алған білімдерін толықтыру. Студенттердің ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Студенттердің шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.

Тәрбиелігі: Ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру, вен диаграммасы, топтастыру.

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта, слайдтар, парақшалар, оқулықтар, суреттер, плакаттар

Сабақтың жүру барысы

I.   Ұйымдастыру бөлімі
II.  Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ

Сілтемелер дегеніміз - бұл беттің соңына немесе құжаттың соңына жазылған мәтіндегі сөзді немесе сөзтіркесіне түсінікберетін нақтылаушы мәліметтер.

Сілтемелер әдеттегі және ақырғы болып 2-ге бөлінеді.

1. Әдеттегі сілтемелер құжаттың әр бетінің соңына жазылады.
2. Ақырғы  сілтемелер құжаттың ең соңында жазылады.

Сілтемелер басылымдық құжаттарда түрлі нақтылаушы мәліметтермен сілтемелермен безендіруде пайдаланылады. Беттің соңында кейде құжат соңында түсініксіз терминдерге, ұғымдарға түсінік беру түрінде кездеседі.

IV. Cлайдтар арқылы ашық сабақты түсіндіру.

V.  Оқушыларға жеке-жеке практикалық тапсырмалар беру ( Интерактивті тақтадағы тапсырманы орындайды. Сілтемелермен жұмыс)

VI. 3 топқа тапсырмалар беру. Интерактивті тақтада компьютерге қатысты суреттер берілген. Суреттердің артында сөздер жасырылған шыққан сөздерге мағынасы бар қазақша, орысша, ағылшынша сөздер тауып жазу.

VII. Вен диаграммасын жазу
(Power Point  программасымен Paint графикалық редакторының ұқсастығын айырмашылығын табу)

VIII. 3 топқа тапсырма. Әріптерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз. Жауабы сол таңдалған әріптерден басталуы тиіс. (Слайдпен жұмыс)

«Мақал сөз - мәйегі» бұл тапсырмада информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек.

Практикалық жұмыстар жасау. (Компьютермен жұмыс. Берілген тапсырмаларға сілтемелер қою)

Сабақты қорытындылау. (Бағалау)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз