Өлең, жыр, ақындар

Сөйлем 1-6–жаттығулар

С. Бегендікұлы атындағы №4 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі: Нуртаева Айдынгул Арсеновна

 

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем 1-6–жаттығулар

Білімділік мақсаты: Сөйлем туралы білімдерін еске түсіру, сөйлемнің сөздерден құралатынын, сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын, сөз тіркесін қолдана отырып сөйлем құрау дағдыларын арттыру, сөйлемнің түрлерін ажырата білуге баулу.

Дамытушылық мақсаты: Өз ойын ауызша, жазбаша баяндап бере білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Жинақылыққа, ұқыптылыққа,сауаттылыққа, мейірімділікке, достыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелесу, талдау, өзбетімен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта,оқулық, тірек сызбалар, смайликтер, маскалар, үлестірмелер

Пәнаралық байланыс: математика, анатілі, тарих

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) оқушылардытүгендеу

б) оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға ағаштардың, жеміс-жидектердің, гүлдердің суреттерін таратып, өздері қалаған суреттерін алуды тапсыру. Ұнатып алған суреттері бойынша үш топқа бөлу.

в) Психологиялық дайындық

Мұғалім --- оқушы--- келісім шарт--- шуламаймыз ---  бір-бірімізді сыйлаймыз ---  кедергі жасамаймыз ----  пікірін тыңдаймыз  ---- жақсы көреміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ойын: «Сиқырлы сандар»

10 - Cөз нелерден құралады?
20 - Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
30 - Дауысты және дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
40 - Мәтін дегеніміз не, түрлерін ата?
50 - Сөйлем нелерден құралады?
60 - Сөз тіркесі дегеніміз не, мысал келтір?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1) Тақтамен жұмыс
  1. Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар? ( 42 әріп,  37 дыбыс)
  2. Әріптер мен дыбыстардан не құралады? ( сөз)
  3. Сөздерден не құралады? ( Сөйлем)

2) Тірек сызбалармен жұмыс.
1. Сөйлем туралы не білеміз?

2. Cөйлем нешеге бөлінеді?

Манағы бөлінген топтарымыздың атауларын осы сөйлемнің үш түріне байланыстырып атаймыз.

І топ: Хабарлы сөйлем

ІІ топ: Сұраулы сөйлем

ІІІ топ: Лепті сөйлем (атауларын таратып беру)

ІҮ. Дәптермен жұмыс: Көркем жазу

Сс   Сс   Сс    Сс    Сс    Сс

Су - тазалық кепілі.

- Балалар, біз қандай жұмыс жүргіздік?
- Көркем жазу
- Не жаздық?
- Сөйлем
- Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз сөйлем деп аталады.

Ү. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Сөздерді оқы. Сөз - моншақтарды ретімен жіпке тіз. Құрастырған сөйлеміңді көшіріп жаз.

деген                  сөзді                          білдіреді

                Апта                        жеті

 

Апта-  жеті – деген-  сөзді- білдіреді.
Білгішбектің жауабын оқу.

2- жаттығу. Сөздерді мағыналық жағынан байланыстырып жаз.

Бригада, кірісті, Жарас, жұмыс

Сөздік жұмысы:

Бригада- белгілі бір жұмыс тобын орындаушы адамдар тобы.

( сөйлемдер құрау)

ҮІ. Сергіту сәті.

Тәртіпті бала сүйініш,                                             Алақанда ұрайық.
Төбең бір көкке жетеді.                                          Оңға қарай иіліп,
Тәртіпсіз бала күйініш,                                           Солға қарай иіліп,
Төмендеп басың кетеді.                                         Бір отырып, бір тұрып,
Орнымыздан тұрайық,                                           Орнымызды табайық.

ҮІІ. Ертегілер еліне саяхат.

3- жаттығу. Ертегіні тиісті дауыс ырғағымен оқы. Үш топтан үш оқу шығарып рольге бөліп оқыту.

1-топ: Автор сөзі---Хабарлы сөйлем
2-топ: Аю сөзі---Сұраулы сөйлем
3-топ: Лақ сөзі---Лепті сөйлемдерді теріп жазу, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіру

ҮІІІ. Деңгейлік тапсырма.

4-жаттығу.

1-топ: Алпамыс батыр туралы не білеміз?
2-топ: Өлеңді жатқа айту
3-топ: тыныс белгісін қою, сұраулық мағына беріп тұрған сөздерді табу.

Алпамыс батыр туралы – Жиделі Байсын жерінде Байбөрі деген бай болыпты. Жасы 80-ге таяған шағында бір ұлды болып, атын Алпамыс қойыпты. Ол атса мылтық өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін, отқа салса күймейтін батыр болып көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жақсылықтан үмітін үзбейтін дәл осындай ел перзенті болса деген арманынан туған. 10 жасында өзімен ойнаған балаларды түртіп қалса, барлығы өле беріпті. Ауыл адамдары балаларын үйлерінен шығармай қойыпты. Гүлбаршын атты жары болыпты. Алпамыс батырдың түп негізінің пайда болғанына 1200-1300 жыл болды деп тұжырымдалады.

ІХ. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

1-топ: Қарлығаш- қар, ала, ғарыш, аға, ағаш, ар, қарға, т.б.
2-топ: Көгершін- ер, ін, іш, көше, өшір, өн, өр, көгер, өнер, көр, көрші, т.б.
3-топ: Бүркіт- бүр, түр, бір, үр, кір, түрі, бүк, бүкір, түкір, т.б.

5-жаттығу.

1-топ: Хабарлы сөйлемді теріп жазу
2-топ: Сұраулы сөйлемді теріп жазу
3-топ: Жақша ішіндегі – ма, ме, па,пе болымсыз етістік жұрнағы немесе сұраулық мағына беретін сөз екенін анықтау.

Х. Жұмбақ жасыру.

1. Өзім сөзден тұрамын.
    Аяқталған ойды құрамын. (Сөйлем)
2. Менде сөзден тұрамын,
    Сұраулы ойды құраймын (Сұраулы сөйлем)
3. Өзім сөзден тұрамын
    Хабар мен нүкте жиғаным. (Хабарлы сөйлем)
4. Қуану, ренжу, өкіну, мақсатым соны сездіру.
    Ұранды да аитамын, қарқындап барып қайтамын. (Лепті сөйлем)

ХІ.Сабақты бекіту.

Үш топқа сурет бойынша сөйлемдер құрату.

1-топ: Балалардың балық аулап жатқан суреті
2-топ: балалардың арқан тартысып ойнап жатқан суреті
3-топ: Балалардың атпен жарысып жатқан суреті

ХІІ.Сабақты қорыту.

- Бүгінгі сабақта не туралы өттік?
- Сөйлем дегеніміз не?

ХІІІ. Үйге тапсырма: 6-жатттығу. Сөйлем түрлерін қайталау

Бағалау кестесі: Смайликтермен бағалау

13-16 ұпай –ІІІ орын

17-20 ұпай- ІІ орын

21-25 ұпай- І орын

Оқушыларды алған смайликтері бойынша жеке бағалап, жеңген топты мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз