Өлең, жыр, ақындар

Қос сөздер

Тақырыбы: Қос сөздер.
Мақсаты: Біліктілігі: Қос сөздер туралы түсінік беру,сөйлем ішінде табу.Олардың сөзге үстейтін мағынасы мен жазылу ерекшелігімен танысу.
Дамытушылығы: ой-өрісін,сөз байлығын,есте сақтауын,өзіндік жұмыс,шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: өзара бір-біріне көмек беруге, достыққа,үйлесімділікке,ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: СТО
Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар,кестелер,сызбалар
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Назарларын сабаққа аудару. “Жылы тілек” тілейік.
Біз топта ұл-қыздар,
Тату –тәтті ойнаймыз.
Сыйластық пен өмір сүріп,
Тек жақсылық ойлаймыз.
3 топпен жұмыс (қызыл, сары, жасыл түсті қағаз бойынша бөліну)
II. Үй тапсырмасын тексеру. 52- жаттығу, ереже
III. Жаңа сабақ Сызбамен жұмыс.
Күрделі сөздер
Біріккен сөз Қос сөз Қысқарған сөз Тіркесті сөз
Топтау.
1 топ –Біріккен сөздер 2 топ Қос сөздер 3 топ Қос сөздің түрлері
(Екі не одан да көп түбірден. (Екі сөздің қосарланынан. Қайталама қ.с(сарт-сарт)
Есболат, көлбақа ) тарс-тұрс, тап- таза) Қосарлама қ.с.(ар-ұят)
Күшейткіш буын ( мөп-мөлдір)
IV.Компьютерден үнтаспа тыңдау.

V. Мағынаны таныту. Жатқа жазу.
1 топ 54- жаттығу II топ 55-жаттығу III топ
Мекендеп құз-қияны, Омар,Жұман, Жез бейнелі өзі,
Шыңға салар ұяны. Ұмар-жұмар алысады. Кең дала еркесі,
Қыран тасқа қонса да, Үйме-жүйме, Мөп-мөлдір көзі.
Мұқалмайды тұяғы. Ілгек- түйме тағы ұнады.

VI. “Ойна да, ойла.” 56- жаттығу (сөйлем құрау)
1 топ II топ III топ
ойлай-ойлай жалт-жұлт топ-топ

VII. Шығармашылық тапсырма
1 топ II топ III топ
жып шашын Суретке қарап,қос құрау. Өлең жалғастыр
жора төмен Жаңбыр,жаңбыр,...-......,
жауын мұны Шөп орайық ...... -......... .
жоғары ұят Қырманымыз толсын,
ар жылы Ақ бидайға ..... -....... .
оны жолдас

VIII. Терме диктант.
Балалар қардан аққала жасап ойнап жатыр.Үсті-бастары қар-қар.Биік-биік таулар алыстан көз тартады. Айгүлдің шашы желмен жалп- жалп етті.Жанат бұған қуана-
қуана келісті.

Бір сөздің қайталануынан

жасалған қос сөздер

 Екі сөздің қосарлануынан

жасалған қос сөздер

Күшейткіш буын арқылы

 жасалған қос сөздер

кезек-кезек

        ата-баба

      тап-таза

күте-күте

        тау-тас

      тып-тыныш

қырқа-қырқа

         быт-шыт

      үп-үлкен

 

      іркес-тіркес

 

 

      салдыр-гүлдір

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

                     Сөйлемдер                

Күшейткіш буын арқылы

жасалған қос сөздер

Қысқарған сөздер

Қосарлама

қос сөздер

Қайталама

қос сөздер

Біріккен

сөздер

1.

Халық аққуды киелі құс деп есептеген.

 

 

 

 

 

 

 2.

 

Қазақстан-БҰҰ-ға мүше.

 

 

 

 

 

 3.

 

Айгүлдің көйлегі жап-жасыл екен.

 

 

 

 

 

 4.

 

Алыстан биік-биік таулар көрінеді.

 

 

 

 

 

 5.

 

Айбар лезде кім-кешегін жинады.

 

 

 

 

 

 

X1. Қорыту, бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз