Өлең, жыр, ақындар

Жануарлардың қандай түрлері болады?

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы
Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметкалиева Серикканым Темиржановна

Сабақ тақырыбы:

Жануарлардың қандай түрлері болады?

Мектеп: Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектеп

Күні : 

 

Мұғалімнің есімі: Ахметкалиева С.Т.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:  жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алу;

 

   Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.

   Кейбір оқушылар:  жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

          үлестірмелі парақшалар: орман, үй;  белгілі үй жануарлары, олардың қорасы, күтуге арналған құралдар бейнеленген үлестірмелі материалдар.

  • ферманың күнделікті тіршілігі туралы бейнефильм, мысалы, http://www.youtube.com/ watch?v=j-OB5q7ZxcY.

Күтілетін нәтижелер:

      үй және жабайы жануарлардың кейбір түрлерімен танысады;

    жабайы жануарлардың үй жануарларынан қандай ерекшелігі бар екенін      түсінеді;

     үй жануарларының тұратын жерінен сиырқорамен, атқорамен, түйеқорамен, қойқорамен, иттің үйшігімен танысады;

     жануарларды қалай күту керектігін білетін болады;

     бақылау нәтижелерін жазуға дағдыланады.

Сабақтың мақсаты:

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Әлемде жануарлардың орасан көп түрі бар. Алғашында олардың барлығы жабайы болған, бірақ адам кейбірін қолға үйретті. Адамдар үй жануарларына қамқорлық көрсетеді. Қамқорлық көрсету дегеніміз — оларды қоректендіру, емдеу, қорасын салу, олардың ұрпақтарына қамқорлық  көрсету болып табылады.

Үй жануарлары үшін адам малқора соғады. Сиырға арналған малқора — сиырқора деп аталады. Бұл үлкен, жылы қора, онда су құюға арналған науа, жем салатын астау болады.

Жылқыға арналған малқора атқора деп аталады. Бұл — ұзын ағаш қора, екі жағынан қашаларға бөлінеді.

Түйеге арналған қора — түйеқора, ал қойға арналғаны қойқора деп аталады.

Арқар. Жұптұяқты сүтқоректі. Денесінің ұзын­ дығы 1 м-ден 2 м-ге, биіктігі 1 м-ге дейін жетеді. Тау бөктерінде, жартасты тау етегінде, шатқалдарда тіршілік етеді.

Құлан. Сырттай есекке ұқсайтын түз жануары, бірақ жылқымен ортақ белгілері көп. Жазықта, шөл және шөлейт жерлерде тіршілік етеді, тау бөктерлерінде де кездестіруге болады.

Құндыз. Сүтқоректі, ірі кеміргіш. Денесінің ұзындығы кейде 1 м-ге дейін жетеді. Жүзе алады, артқы аяқтарының саусақтарының арасында жарғақтары бар, алдыңғы аяқтарымен бұтақтарды қармап ұстап, жерді қаза алады. Судың астында 15 минутқа дейін бола алады. Ағаштың қабығы мен сүрегін қорек етеді.

Кіріспе тапсырма. Сабақты жануарлар туралы жұмбақтар дайындап әкеліп, шешкізуден бастадым.

Мұғалім: “Сендер бұл жануарды білесіңдер ме? Қазақстанның қандай жануарларын білесіңдер?” — деп сұрадым.

 Жануарлар дүниесі. Оқушылар суреттерге  қарасын. “Бейнеленген жануарлардың  қайсысын білесіңдер? Олар туралы не айта  аласыңдар? Қайсысы біздің өлкемізде тіршілік  етеді?” деп сұрадым. Мәліметті сабаққа  байланысты деректі материалдардан немесе  энциклопедиядан көрсеттім. Суреттердегі  жануарларды қандай топтарға  бөлуге  болатынын сұрадым. (Жабайы және үй  жануарлары.) Егер оқушылар жауап беруге  қиналғанда, жетелеуші сұрақтар қойдым.  “Суреттегі әр жануар қай жерде тіршілік етеді?  Немен қоректенеді?”­

 Жабайы және үй жануарлары. Оқушылардың  назарын суреттерге аударттым.

 Сұрақ қойыңыз: “Суреттердегі әр жануар не істеп жатыр? Салыстырыңдар. Суреттер несімен ұқсайды? Ит пен құндыздың іс-әрекеттерінде қандай айырмашылық бар? Осы екі суретті жұптастыруға бола ма? Сендерде қандай жұптар шықты? Неге?” Суреттерді төмендегідей етіп жұптастыруға болады:

         қоректену: құндыз қорегін өзі табады, итке адам тамақ береді;

            емделу: құндыз жарақатын жалап жазады, ал итке адам қамқорлық жасайды, мал дәрігеріне апарады;

            баспана: құндыз өзіне ағаш бұтақтарынан ін жасап алады, ал итке адам үйшік жасайды. Оқу­шылардан өмірде осы әрекеттердің қайсысын­ көргенін сұраңыз.

 Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету.

 

Енелері мен төлдері. Үй жануарларын атап шығуды тапсырыңыз. Әр жануар қандай дыбыс шығаратынын дыбыстап көрсетуге болады. Сонымен қатар “Жалғастыр” ойынын ойнасын. Мысалы: ит — күшік, тауық — балапан, мысық — марғау, үйрек­ — балапан, қаз — балапан.

 Зерттейік. Мұғалім алдын ала әзірленіп қойған белгілі үй жануарларының,  олардың қораларының, азықтарының, бағып-күтуге арналған құралдардың  суреттерін таратады. Мысалы, сиыр, түйе, ит, жылқы, шөп, қырғыш, жем-шөп,  сүйектер, сиырқора, ит үйшігі, қойқора, атқора.

 Оқушылар топпен талдап, адам әр үй жануары үшін не істей алатындығын  сәйкестендіреді. Әр топқа бір жануарды таңдап алып, ол туралы мәлімет  дайындауға ұсыныс жасауға болады.

Ойлан!

Оқушылар мынадай сұрақтар бойынша ойланып көрсін: Ит қандай әрекеттер жасайды? Қасқыр ше? Олардың қандай ұқсастығы бар? Негізгі ерекшеліктері не?

“Орман” және “үй” деген үлестірмелі материалдарды оқушыларға таратып беріңіз. Мұғалім жануарларды атайды, ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса “ОРМАН”, үй жануары деп ойласа “ҮЙ” белгісін көтереді.

Сөздер: сиыр, бұғы, қасқыр, қой, есек, бұлан, кірпі, қоян, тауық, қаз, түлкі, мысық, аю.

Бағалау

 

    Оқушылар жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата білуі керек.

 Үй және жабайы жануарлар. Бұл тапсырманы барлық оқушыларға жеке  орындауға беріңіз. Тапсырманы аяқтаған соң өзара бағалау арқылы тексеруді  ұсыныңыз. Тапсырманы орындау жылдамдығы мен дұрыстығына назар  аударыңыз. Содан соң бейнеленген жануарларды тағы бір атап шығуды  ұсыныңыз.

 Жауабы:Үй жануарлары: 2, 4, 5, 9. Жабайы жануарлар: 1, 3, 6, 7, 8.

 Оқушылар әртүрлі жануарлардың тіршілік ететін орнының атауларын біледі.

 Адасқан жануарлар. Оқушылар жануарларға өз мекендейтін орнын тауып  алуына көмектесуі қажет. Тапсырманы орындау барысында тағы бір рет    жануарлардың және олардың мекендейтін орнының атауларын айтып өтеді.  Жұптағы балалардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастырыңыз. Жауап беруге  қиналған оқушыларға көмектесу қажет.

  Жауабы: Үйшік — ит, қойқора — қой, атқора — жылқы

Қорытынды бағамдау

   Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

   1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

   2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

   Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

   1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

   2: Рефлексия.

   Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз