Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанның өзендері

ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы
«№9 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ
География пәні мұғалімі: Кожахметова Нурбала Исмаиловна

 Сыныбы: 8                                                                                                         Күні: 02.12.2016ж.

Сабақ тақырыбы:

  Қазақстанның өзендері. 

Жалпы мақсат:

Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.

Жаңа тақырып туралы түсініктер қалыптастыру, тақырып жүйесін түсіну.

Сабақтың  мақсаттары

Қазақстанның өзендерін карталар, анықтамалар мен зерттеулер арқылы түсінеді, оқып, мазмұнын ашу арқылы түсініктер қалыптастыды,

Күтілентін нәтижесі:

Оқушылар Қазақстанның ірі өзендерімен танысады, топпен жұмыс істеуге бағыттайды

Негізгі идеялар:

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, маркер

Карта

Оқыту әдістері:

Кім шапшаң

Жигсо 2 әдісі

Тест

Эссе

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Тапсырмалар:

І. Қызығушылықты ояту. 

ІІ. Мағынаны ашу.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды «өзен алаптары» бойынша топқа бөлу.

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу, өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

 

І. Қызығушылықты ояту. (7мин) 

1. Ішкі су дегенде көз алдарыңа нелер елестеді?
2.  Өзен деп нені айтады?
3. Өзендер туралы ақын-жазушылардың қандай өлеңдерңін білесіңдер?
4. Су туралы мақал-мәтелдер айт?
5. Өзен туралы қандай ән білесіңдер?
6. Су туралы жұмбақ жасырыңдар.

II. Мағынаны ашу: «Қазақстанның  өзендері»  туралы жаңа тақырыпқа байланысты постер әдісін пайдалану (15мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында сұрақтар беріледі.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру.

 

1. Қазақстан аумағында қандай ірі өзендер бар?
2. Қазақстандағы өзендер санын анықтап, ұзындығы 1000 шақырымнан асатындарын дәптерлеріңе жазыңдар.
3. Қазақстан аумақындағы өзендердің су жинайтын алаптарын сипаттаңдар.

Осы сұрақтарға жауап беріп болған соң берілген тақырып көлемінде білгендерін постергетүсіріп, әр топтан қорғайды.

  І. Солтүстік Мұзды Мұхит алабы            ІІІ. Арал теңізінің алабы

  ІІ. Каспий теңізі алабы                            ІV. Балқаш-Алакөл алабы

                                                                                           

ІІІ. Сергіту сәті: (2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау

Берілген тапсырманы орындау

 
VI. Шығармашылық тапсырма 

«Көру диктанты»  (5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты термин сөздер жазылған парақшаларды тақтаға іледі

Оқушылардың мақсаты берілген сөздерді көру арқылы жылдам есте сақтау, қайталау.

 

VII. Қорытындылау:

  15 сұрақтық тест, сөздерді үш тілде айтып шығу. (8мин)

VIII. Рефлексия:

  Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

  ББҮ кестесін толтыру

IX. Бағалау:

  Өзін-өзі бағалау (2 мин)

  Бағдарша, бағалау парақшалары

X. Үй тапсырмасы:

  Оқулық бойынша тапсырма §22.

 


Пікірлер (2)

Aliya

Рахмет сіздерге көп көп

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз