Өлең, жыр, ақындар

Өзін-өзі тану әлеміне саяхат

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайы
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Кентанова Ләззат Куанышкалиевна

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:  Өзін–өзі   тану
Тақырыбы: Өзін-өзі тану әлеміне саяхат
Мақсаты:  «Өзін-өзі тану» әлемі туралы түсініктерін кеңейту. Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру;
-жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
-өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекі- құралдар:  «Өзін-өзі тану» әлемінің  картасы, дәптер, түрлі түсті қарындаштар, күннің суреті, ойыншық жүрекше.

Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

Педагог балаларды шеңберге жинап, «Шаттық шеңбері» туралы әңгімелеседі.

- Балалар бүгін мен сендермен осындай әсем, жарық, кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын!

- Қане балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!

- Балалар шеңбер неге ұқсайды?

 

 

Балалар шаттық шеңберін   орындайды.

 

 

- Шеңбер күнге, допқа, айға, алмаға т.б. ұқсайды.

Іздену

ұйымдастырушы

 

 

Ендеше шеңберге тұрудың өзінің үлкен ерекшелігі бар. Өйткені ол бізге күн сияқты жылу береді, шеңберде дөңгелене тұрып бір-біріміздің бет-жүзімізді анық, еркін көріп, тәтті, жылы тілектерімізді, сөздерімізді айтып, қуанамыз, шаттанамыз. Сондықтан да бұл шеңбер - шаттық шеңбері деп аталады. Шеңбер бойында бір - біріңе тек қана жақсылық тілейтін адамдар ғана жиналады.
Педагог балаларға түрлі суреттері бар үлестірмелі карточкаларды ұсынады, балалар таңдаулары бойынша алады. Педагог балалардың алған карточкаларындағы бейнеленген суреттерге қарап, бір - бірлеріне тілек айтуларын сұрайды.

Балалар сол сурет арқылы бір-біріне жылы сөздерін айтып, суреттерін де ұсынады.

-Балалар! Енді барлығың менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы. Жарайсыңдар, балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі.

Педагог балаларға Ө. Тұрманжановтың өлең жолдарын хормен қайталауды ұсынады.

Кел, балалар, күлейік!

Қабақ түйген не керек,

Кел, балалар, күлейік!

Күлкі көңіл ашады.

 

«Өзін-өзі тану» әлемінің картасы. Картадағы аялдамалардан қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?

Дәптермен жұмыс. Педагог балаларға дәптердегі картаның бірініш аялдамасын боятып, суреттің мазмұны бойынша әңгіме жүргізіп, саяхатты бастап, алғашқы қадам жасағандарына назарларын аударады.

 

Балалар  шеңбер  бойында  бір  біріне  жақсы   тілектер  айтады.

Балалар  суреттерге  қарап, соған  сәйкес  тілектер   айтады.

Балалардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін.
Мысалы:
- Күндей жылы бол!
- Алмадай тәтті бол!
- Доптай көңілді бол!
- Айдай жарық бол!
- Жүзік сияқты әдемі бол! т.с.с.

Балалар бір-біріне жымия қарайды.

Балалар өлең жолдарын қайталайды: Кел, балалар, күлейік!

Қабақ түйген не керек,

Кел, балалар, күлейік!

Күлкі көңіл ашады.

 

Балалар   өзін – өзі  тану   әлеміне   саяхатқа   шығады.

Балалар картаның бірінші аялдамасын бояйды.

 

 

 

Рефлексті коррекциялаушы

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, біз бүгін «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды бастадық. Бұл саяхатта біз көмекші құралдармен: дәптер, картамен таныстық.
Жақсы бала қандай болу керек? Ол жақсылық жасай білетін, сүйіспеншілігі мол, айналасына қуаныш сыйлайтын бала. Жақсылық, сүйіспеншілік, қуаныш сөздерімен таныстық.
«Өзін-өзі тану» әлемі арқылы біз жақсы іс жасауға, жақсы бала болуға үйренеміз.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге жиналады, жұмсақ ойыншық жүректі бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектер білдіреді.

- Керемет, біздің әрқайсымыздың жүрегіміз осы жұмсақ ойыншықтай күлімдеп, қуанышқа бөленді. Әрқашан осылай жылы сөздермен бір-бірімізді қуанта берейік!

Балалар  педагогтың   сұрақтарына жауап береді.

 

 

 

- Мен саған қуаныш тілеймін!

- Мен саған жақсылық тілеймін!

- Үлкен азамат бол!

Күтілетін нәтиже:

Білуі: «Өзін–өзі тану» әлемі туралы.

Болуы керек:  «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы аялдамаларға қызығушылығы;

Баланың қолынан келуі керек: Жақсы мен жаманды айырып, әдепті сөздерді айту.


Пікірлер (3)

Акмарал

Саламатсызба маган сіздерден бір комектерініз керек болып тур.Өзін өзі тану әлеміне саяахат.Мақсаты,міндеті,сабак барысы,дәйексөз,мұгалім сыйы,сахналық койлым,уй тапсырма,макал мәтел,тыныштык сәті осылар керек болып тур. Комектесініздерші отініш

Н

Саламатсыздарма маган Колледждерге арналған озин ози тану панинен
кыска мерзимди сабак жоспары керек еди

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз