Өлең, жыр, ақындар

Көліктер

"Қазығұрт" №66 жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Елікбай Баллжан Лесқызы

Сабақтың тақырыбы:  "Көліктер"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде) атқаратын қызымет аясына қарай салыстыра білуге үйрету.

Дамытушылық: Олардың қызыметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: Жолда жүрген кезде міндетті түрде ережені сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Машиналардың суреттері, жолда жүру ережелерінің суреті.

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:   

 I. Ұйымдастыру кезеңі

Ойға толып санамыз.
Бестік болып бағамыз,
Баласындай бір үйдің.
Тату болсын арамыз.

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі,біз бүгін "Алтын қақпа" ойынын ойнаймыз. Алтын қақпаға жету үшін, алдымен темір қақпаның, кола қақапның және күміс қақпаның тапсырмаларын орындауымыз керек. Ол үшін 4-топқа бөлінеміз.

I-төртбұрыш            II-дөңгелек            III- үшбұрыш    IV-шаршы
Темірқақпаның тапсырмасы: Төрт  ұяшық болады. Әр топ кез келген ұяшықты таңдайды. Бұл ұяшықта үй тапсырмасына берілген сұрақтар жазылған.

1. «Қалада және ауылда»  мәтінінің қысқыша мазмұнын айт.
2. Ауыл тұрғандары не егеді?
3. Ауылда қандай  үй жануарларын  ұстайды?
4. Қаланы көгалдандырумен қандай мекеме айналысады?

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған  кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.

Ребус шешу

1. Оқулықпен жұмыс

- Мәтінді оқып беру. 
- Тізбектей оқыту.

2. Қола қақпаның тапсырмасы: "Менен сұрақ, сізден-жауап" деп аталады. 

- Балалар, сендер жаңа қаланың бір шетінен екінші шетіне көліктердің тұрақты қатынайтынын айттыңдар. Ол қандай көліктер? (автобус, поезд, жеңіл машиналар)

- Бүгін тез арада Астанаға керек, қалай жетесің? (ұшақпен, тік ұшақпен)

- Теңіздің арғы бетінде бір елге баруың керек, қалай жетесің? (кемемен). 

- Жолаушы деп кімді айтамыз және жолаушы қандай ережені сақтау керек ? (көлікпен келе жатқан адамды жолаушы дейміз. Жолаушылар  жол ережесін сақтау керек)  

Осы көліктерді жүру жолдарына байланысты қалай атауға болады? (Әуе көлігі, жер үсті көлігі , темір жол көлігі, су көлігі).  

Сызба арқылы көрсету

 

Сергіті сәті:

 

Бип! бип! бип!- дейді,
Жолдан былай кет! -дейді.
Ары бері  ұмтылмай,
Машинадан қаш дейді

Арнайы көліктерді шақыратын телефон нөмірлерін атайық

101 – өрт сөндіру машинасы;
102 – полиция машинасы;
103 – жедел медициналық жәрдем;
112 – құтқару қызметі

Күміс қақпаның тапсырмасы: көліктерге, жол ережесіне байланысты арналған өлеңдер айту.

          Ұшақ                                                              Кеме
Бұлттар менен көктегі,                                Теңізді жүздім балықтай,
Мен боламын туысқан.                                Дүниені кездім жалықпай
Озып шығам құстарды,                                Көліктердің бір түрі,
Қанат қақпай ұшамын.                                 Мен боламын қайықтай.             


         Бағдаршам                                                     Машина   
Ашса кезек үш көзін,                                  Төрт аяғым дөңгелек
Айтты деп үш сөзін:                                    Адамсыз мен жүрмеймін,
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!                          Барлық жерге жеткізіп,
Жүрме жолға таласып.                               Қаласаңыз апарам.

 

Алтын қақпаның тапсырмасы:  Шығармашылық жұмыс. Көліктердің суретін салып Әуе көлігі, жер үсті көлігі, темір жол көлігі, су көліктерінің тұсына ілейік.  

- Қортынды:  Сабақта жаңадан нені білдік?

Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет. (Тікұшақ)

Құстан аумайды,
Көкке зулайды. (Ұшақ)

Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Не жүретін жолы жоқ.
Мініп алсаң зулайды,
Бірақ ізі қалмайды. (Кеме)

Бағалау.

Үйге тапсырма: Көліктер мәтінін оқу.                                                                                                                                       


Пікірлер (2)

Баллжан

Саламатсыздар ма?? Мейрамдарынызбен!! Сиздердин сайттарыныз оте тамаша.ари колжетимди екен. Шыгармашылык табыс тилеймин. Алла жар болсын сиздерге.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз