Өлең, жыр, ақындар

Өнеркәсіптің құрылымы, орналастыру қағидалары және факторлары, кластерлер

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтаарал ауданы
№117 негізгі орта мектебі
І санатты география пәнінің мұғалімі
Оразов Бахытбек Қошқарұлы

Сабақтың тақырыбы: Өнеркәсіптің  құрылымы, орналастыру қағидалары және факторлары, кластерлер.

Сабақтың мақсаты: Еліміздің өнеркәсіп құрылымы туралы түсінік қалыптастырады, Өнеркәсіптік А және Б тобын жіктеу

1. Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

Білу: Қазақстанның өнеркәсібі, оның салалық құрылымы туралы білу.

Түсіну: Шаруашылық  және оның салалары, бөлінуі, нарықтық экономиканың маңыздылығын

Қолдану: Өндірістік салаларды және олардың арасындағы байланыстырды анықтау, түсіну.

Талдау: Шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес салалары және салалар арасындағы байланыстарға талдау жасау.

Жинақтау: Ауыр және жеңіл өнеркәсіп салаларын анықтау.

Бағалау: Қазақстан өнеркәсібін дамытуда қарқынды дамуды қажет ететін салаларды анықтау.

2. Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу

3. Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту,  дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау,  критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

4. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру

5. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында                                                       

Сабақтың  барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

5 минут

  Ұйымдастыру кезеңі

 Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару,  сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.

  - сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;

  - сабақтың өткізу жоспарын көрсету.

Оқушылар топқа бөлінеді.

 Сабақтың жалпы мақсатымен   және өткізу жоспарымен танысады

10 минут

  Кіріспе бөлім   Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

1. Оқулықпен жұмыс:


  1. Өнеркәсіп ................ және ................. болып бөлінеді.
  2. Өндіруші  өнеркәсіп ........................, .............., ..................... .
  3. Өнеркәсіп экономикалық жағдайына қара........ және ........... тобына бөлінеді.
  4. *А* тобына .................................................... жатады.
  5. *Б* тобына.............................................. жатады.
  6. Шоғырландыру ......................................................... .
  7. Құрамдастыру ........................................................
  8. Мамандандыру ........................................................
  9. Кооперативтендіру ...................................................
  10. Өндірісті орналастыру факторлары дегеніміз - ................
  11. Кластер ..........................................................................

2. Картамен жұмыс

Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

20 минут

   Негізгі бөлім

  Бейеролик көрсетіп Қазақстандағы өнеркәсіп орындарының орналасуын өнеркәсіпдің дамуынның негізгі бағытын анықтату

  а) Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады

  ә) Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады

    Өнеркәсіп
   Табиғат  ресурстары
   ҒТР
   Өндірісті  орналастыру
   Кластер

  б) Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады

  I топ. Өндірістік сала дегеніміз не?

  IIтоп. Өндірістік емес сала дегеніміз не?

  III топ. Салалар арасындағы байланысты түсіндір

а) Оқушылар тақырыпты жазып алады

 ә) Жаңа терминдер мен ұғымдарды  дәптерлеріне жазып алады

б) Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды, оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.

10 минут

  Қорытынды бөлім  

  Кластер құрастыр 

Өнеркәсіптерді *А* және  *Б* топтарына бөліп салалар бойынша сызба нұсқа құрастыр

  Картамен жұмыс

  Шаруашылықтың салалық құрылымы сызбанұсқасын пайдаланып, өндірістік салалардың орналасуын талда картадан өнеркәсіп  орындарын көрсет.

  Оқушының жеке пікірі (көзқарасы)

  1. Қазақстанда өнеркәсіптің қай саласы қарқынды дамуды қажет етеді?

Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.

Сабақ рефлексиясын жазады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз