Өлең, жыр, ақындар

Сын есім

Павлодар  облысы
Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Айтмаганбетова Айнагуль Торшановна

Сынып: 6

Тақырыбы: Сын есім

Мақсаты: 1. Сын есім туралы жалпы мағлұмат алу, сын есімнің сындық қасиеттерін ашу; 2. Оқушылардың тілін, сөздік қорын, ой-өрісін дамыту; 3. Сөздің мағынасына мән беріп, дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  Жаңа сабақты меңгерту.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Оқулық, грамматикалық кестелер

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен амандасу;

ә) Оқушыларды түгендеу;

б) Кезекшімен сұхбаттасу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Семантикалық карта. Арнайы жасалған кеспе қағаздарды тарату  арқылы зат есімдерді қайталау.

ә) Үйге берілген жаттығу жұмысын тексеру.(оқиды, талдайды)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

- Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын сөзжұмбақты шешейік.

Сұрақтары:

  1. Сабыр - түбі қандай алтын?
  2. Күзден кейін қай мезгіл келеді?
  3. Қандай жердей жер болмас?
  4. Қыс мезгілінің алғашқы айы қай ай?
  5. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
  6. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
  7. Ырыс алды не?

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сын есім»

Сын есім

Түрлері

Мысалдар

  Мағынасына қарай: Сапалық

                                Қатыстық

  Тұлғасына қарай: Негізгі

                             Туынды

  Құрамына қарай: Дара

                            Күрделі

  Сұрақтары: Қандай? Қай?

  Ақ, қара, әдемі,

  тұзды, майлы, өңді,

  Жақсы,сұлу, үлкен

  Таулы, шуақты, қысқы

  Мол, нәзік, тар

  Ұзын бойлы, қызыл ала

 

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. (Абай) деген сөйлемдегі жақсы, тәтті сөздері қандай? деген сұраққа жауап беріп, жақсы әннің сипатын, тәтті күйдің сапасын білдіріп тұр. Осындай, заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді с ы н  е с і м дейміз.

Сын есімдер қандай?, қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: биік үй, кең бөлме, қара тақта, ақ бор, жылы киім деген тіркестердегі биік, кең, қара, жылы сөздері – сын есімдер. Олар қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп тұр.

Сын есімдер заттың мынадай мағыналық белгілерін білдіреді:

* Заттың түрін, түсін білдіретін сын есімдер: ақ, қара, жасыл, қызыл, сұр, қоңыр, сары, құла, күрең, құба.

* Заттың көлемін, аумағын, салмағын білдіретін сын есімдер: ауыр, жеңіл, үлкен,кіші, кең, тар, ұзын, қысқа, шолақ, алыс, жақын.

* Заттың дәмін, иісін және басқа белгілерін білдіретін сын есімдер: ащы, тұщы, қышқыл, кермек, тәтті, дәмді, күлімсі, суық, жылы.

* Заттың сипаттары мен сапасын білдіретін сын есімдер: жақсы, жаман, тәуір, нашар, әдепті, сыпайы,тентек, қыңыр, сотқар, қорқақ.

* Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сын есімдер: тасты, (жер), балалы (үй), білімді (жігіт), көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна), қысқы (каникул), аспалы (шам).

ІҮ. Жаңасабақбойыншатапсырмаларменжаттығужұмыстары.

1-тапсырма. Төмендегі заттарға қатысты сын есімдерді жаз, олар қандай сындық мағынаны білдіріп тұрғанын айт.

2-тапсырма. «Сөз бәйге!» Өзіңе ең жақын адамның сырты түрін сипаттап жаз. Мәтінде қолданған сын есімдер адамның қандай белгілерін анықтап тұрғанын түсіндір. «Ең үздік суреткерді анықтаңдар».

3-тапсырма. «Сөз бәйге!» Досыңа мінездеме жаз. Оның аты-жөнін жазып, бойындағы жақсы қасиеттерін сын есім сөздерді қолдана отырып жазып көр. «Ең үздік суреткерді анықтаңдар».

«Мен қандаймын» ойыны. Әр оқушы өз есімінің басқы дыбысына басталатын  сын есім ойлауы қажет. Өз есімімен тіркестіріп сөз тіркесін құрастыруы керек.

Мысалы: ақылды Айданамын, қасиетті Қарақатпын, әдепті Әселмін, байсалды Бекзатпын, аңқылдақ Айнұрмын, т.б.

84- жаттығу. Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын суреттеп жазыңдар. Мәтінде сын есім болуын ескеріңдер.

«Сындық ерекшеліктеріне кесте толтыру»

 

Не?

Түсі

Көлемі

Дәмі

Пішіні(формасы)

қарбыз

қызыл

үлкен

тәтті

дөңгелек

жүзім

жасыл, қызыл, қара

кіші

тәтті

дөңгелек

құрт

ақ, қара

кіші

ащы, тәтті

дөңгелек, сопақша

қант

ақ

кіші, ұсақ

тәтті

төртбұрыш,

«Бір сөзбен айтқанда»

  1. Айтқанға көне салатын, еш нәрсені байқамайтын адам  (аңқау ) 
  2. Тез ашуланатын адам (ашушаң)
  3. Көрінгенге соқтыға беретін адам (тентек) 
  4. Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың ) 
  5. Бойы ұзын адам (бойшаң) 
  6. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам (өсекші)

Ү. Сабақты қорытындылау

Сын есімнің ережесін білдік, қандай сөз табынан екенін білдік, қандай сұраққа жауап беретінін білдік. Ендеше осыны кластер арқылы көрсетейік.

ҮІ. Үйге тапсырма:

  1. 91-бет, 86 жаттығу. Өлеңді оқып шығып, сын есімдерді тауып, мағыналық белгілерін ажырат.
  2. Өз әжелерің туралы шағын шығарма жазыңдар.

ҮІІ. Бағалау

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Тапсырмалар

Жаттығу жұмысы

Кесте толыру

Бір сөзбен айтқанда

Белсенділігі

1

2

3

7-9 ұпай – «5»,5-6 ұпай – «4», 2-4 ұпай – «3».


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз