Өлең, жыр, ақындар

Көлдер

ОҚО, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы
"Жаушықұм" мектеп-лицейінің
География пәні мұғалімі: Сара Тилеубекова Анарбекқызы    

                

Сабақтың тақырыбы:  Көлдер

Білімділік мақсаты: Көл және оның қазаншұңқырларының қалыптасу ерекшеліктерін айқындап, көлдің шаруашылық үшін маңыздылығы жайында білім қорын молайту.

Тәрбиелік мақсаты: Тиянақты білім алуға, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімін топтық  жұмыс арқылы тексеру. Өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру. Өткен сабақтармен байланыстыра отырып, тірек–сызба, карта, атлас, оқулық деректерін пайдалана білу дағдысын дамыту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тірек-сызба, жұптық, топтық жұмыстар т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

    Көрнекілік: Дүниежүзінің физикалық картасы, түрлі-түсті қораптар, кеспе-қағаздар, тірек-сызбалар, бүктеме.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ түсіндіру.

IY. Сабақты бекіту

Y. Үйге тапсырма беру.

YI. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

I.Оқушыларды ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу құралдарының даярлықтарын, сынып тазалығын тексеру. Оқушыларды жалаушалар арқылы топтарға бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Сұрақ-жауап
  2. Картамен жұмыс.
  3. Ою-өрнек перфокартасы

1. Сұрақ-жауап. Тарқатылып берілген жетон негізінде қорапшалардан сұрақтарды алып жауап береді. (деңгейлік тапсырмалар)

- Сары қораптың сұрақтары.

1. Дүниежүзінде қанша мұхит бар.

2. Ең үлкен мұхитты ата.

3. Оңтүстік жарты шарда жатқан мұхит

4. Ең жылы мұхитты ата.

5. Ең суық мұхит

- Жасыл қораптың сұрақтары.

1. Аралдары көп мұхитты ата.

2. Ең алғаш саяхатшылар жүзіп өткен мұхит

3. Дүниежүзіндегі ең ірі,әрі биік су асты таулары бар мұхит

4. Ең лас мұхит

5.Тайфун желі, цунами толқыны қай мұхитта байқалады.

6. Кариб теңізі қай мұхитта орналасқан.

- Қызыл қораптың сұрақтары.

1. Дүниежүзінде ауланатын балықтың 39%-ы қай мұхитқа тиесілі.

2. Биіктігі  10-12 м болатын мұз қамаулар қай мұхитта байқалады?

3. Теңізден асыл тастар жинау кәсіпшілігі қай мұхитпен байланысты.

4. Тынық мұхитындағы аралдардың ашылуына себепкер болған саяхатшы.

5. Тынық мұхиттың ең терең жері

6. Атлант мұхиттың ең терең жері

7. Солтүстік Мұзды мұхиттың ең терең жері

                                                                                                                                                      

2. Картамен жұмыс. Арал, теңіз, ағыстар жазылған стикерлерді картадағы тиісті мұхиттарға жапсырып шығу керек.

3. Ою-өрнек перфокартасы. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беріп, белгілеуден соң дұрыс жауаптарын қосқанда оюдың бейнесі шығады.                                                          

х

а

а

х

а

с

б

а

а

б

с

а

х

а

а

х

 

III. Жаңа сабақ түсіндіру.

Қызығушылықты ояту.

«ой шақыру» әдісінде тақырыпқа байланысты жұмбақ жасырылады.

Тай қазаным күні бойы қайнайды

Ортайып та, сарқылып та қалмайды. (Көл).

 

1.Тірек-сызба арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.

IY Сабақты бекіту.

1. Кім жылдам. Топтарға арналып жасалған тапсырмаларды  ретпен жылдам орындау керек.

2. Ойлан тап.

Түрлі қиылып жапсырылған көлдердің сұлбасын анықтап(атласты пайдаланып) көлдердің сұлбаларын картадағы тиісті орнына жапсыру керек.

3. Топтасып сурет салу.

1-2 топ Көлдердің қазаншұңқырларын қалыптасу ерекшеліктеріне қарай бейнелеу керек.   

3топ. Көлдердің шаруашылық үшін маңыздылығын сипаттайды. (ментальді карта қорғау)

 

Y. Үйге тапсырма беру.  Дүниежүзіндегі ірі көлдерді кескін картаға түсіріп, жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау.

YI. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

Бағалау парағы. (смайликтер арқылы бағалау)

Р/с

Оқушылардың аты-жөні.

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ барысы

Сабақты бекіту.

Қорытынды

Сұрақ-жауап

Картамен жұмыс

Ою-өрнек  перфокартасы

Жұмбақ

Тірек-сызба

Кім жылдам

Ойлан тап

Топтасып сурет салу

 

 

1

 

 

Ж-5б

Ж-5

10-12

«5»

7-10

«4»

3-6

«3»

Ж-5б

Ж-5б

Ж-5б

1.2,5

2.2,5

1т 5б

ж-5б

 

 

 

 

 

 

25-35 балл «5»

17-24 балл «4»

3-16 балл «3»


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз