Өлең, жыр, ақындар

Гүл, оның құрылысы мен маңызы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

О.Орманов атындағы жалпы орта мектебінің

биология  пәнінің  мұғалімі: Қыдыралиева Гүлнұр Боранбайқызы

Сабақтың  тақырыбы: Гүл, оның құрылысы мен маңызы

Сабақтың  мақсаты:

а) Гүлдің негізгі құрам бөліктеріне толық сипаттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру;

ә) Түрлі әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;

б) Адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың  әдісі:  баяндау, талдау, сұрақ- жауап, салыстыру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, гүл макеті, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру  кезеңі 

Оқушыларды түгелдеп, сабаққа зейінін аудару. Сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын қайталау.

ІІ. Үй тапсырмасын  сұрау

  1. Оқушыларға кеппешөп таратылып беріледі. Әр оқушы өз қолындағы кеппешөптегі өсімдіктің барлық вегетативті мүшелеріне анықтама береді.

      2. Берілген сөйлемдерді зер салып оқып, кестеге толықтыр.

қабық

камбий

сүрек

өзек

 

 

 

 

  1. Сабақты жуандатып өсіреді.
  2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі.
  3. Органикалық заттар қорға жиналады.
  4. Су мен минералды заттар қорға жиналады.
  5. Тін талшақтары орналасқан.
  6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады.
  7. Қабық пен сүректің арасында орналасқан.
  8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушаларында орналасады.

ІІІ. Жаңа  сабақты  түсіндіру

  1. Гүлдің маңызы
  2. Гүлдің құрылысы

Гүл құрылысы көрсетілген макет және нағыз гүлді көрсете отырып, оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру.

Гүл дегеніміз - көбеюге қажетті, жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен.

Гүлдің  бөліктері:

  1. Гүл сағағы
  2. Гүл табаны
  3. Гүлсерік (тостағанша жапырақша,күлте жапырақша)
  4. Аталық және аналық

 Аналықтың және аталықтың құрылысы 

1. Аналық аузы                                                  1. Аталық жіпшесі

2. Мойны                                                            2.Тозаң қабы

3. Жатыны                                                        3.Тозаңдар      

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

 1 тапсырма. Биологиялық диктант.

  1. Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері ......  деп аталады.
  2. Қос гүлсерікті гүлде .... мен... болады.
  3. Гүлдің негізгі бөлімдері-бұлар ..... тұрады.
  4. Аталық ......, .....  және аналық ......, ........., ......... тұрады
  5. Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақша .....  қызмет атқарады.

2 тапсырма. Сөйлемді аяқта.

  1. Бір гүлде аталық пен аналық болса, оны ........
  2. Бір гүлде аталық немесе аналық болса, оны .....
  3. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса, ...
  4. Аталық гүлдер бір гүлде, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса, оны... дейді.

Ү. Үйге тапсырма

Гүлдің құрылысы. Қатты қағаздан аппликация жасап келу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз