Өлең, жыр, ақындар

Асылан Тілеген

Асылан Тілеген — 1993 жылы 21 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылының Балдырған елді-мекенінде туған.

2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетін бітіріп, қазір балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ақ желкен» журналының жауапты хатшысы қызметін атқарып жүр. Балаларға арнап жазуды жақсы көргені шығар балалар журналында қызмет етіп, үнемі балаларға арнап жазудан еш жалыққан емес. Республикалық «Алтын тобылғы», «Ұлы дала» шығармашылық байқауларының жүлдегері.


Қарап көріңіз