Өлең, жыр, ақындар

Жорж Батай

Жорж Батай (фр. Georges Bataille; 10 қыркүйек 1897 ж.,Бийом, Овернь, Франция — 9 шілде 1962, Париж, Франция) — француз философы, әлеуметтанушы, өнер теоретикі және солшыл нанымдардың жазушысы.


Нақыл сөздері

Енді поэзия туралы былай дей аламын: ол — өзімізді өзіміз сөздің құрбандығына шалатын құрбандық.

Ілмектер: поэзия, құрбандық, сөз Жорж Батай

Адам білуі мүмкін нəрсенің ешқайсысы тəуекелсіз жоққа шығарылмайды.

Ілмектер: адам, тәуекел Жорж Батай

Ешкім де жападан жалғыз болмыстың шегіне шыға алмайды.

Ілмектер: жалғыздық, болмыс Жорж Батай

Бəрі болудан бас тарту — бəрінің күл-талқанын шығару деген сөз.

Ілмектер: бас тарту Жорж Батай

Жел туралы желсөз емес, желдің өзі маңызды.

Ілмектер: жел Жорж Батай

Зерттеушілер қауымы болмаса — таным да жоқ, сонымен ғана өмір сүретін қауымсыз — ішкі тəжірибе деген де болмас еді.

Ілмектер: Зерттеуші, қауым, таным Жорж Батай

Тыныштық аса ауыр жүрек қасіреті жағдайында сақталады.

Ілмектер: тыныштық, қасірет Жорж Батай

Түн туралы ойлаған кезде мен ештеңені көрмеймін де, ештеңеге құмарланбаймын да.

Ілмектер: түн, құмарлық, ой Жорж Батай

Барынша батыл адалдық деген сирек ұшырасады.

Ілмектер: батылдық, адалдық Жорж Батай

Балалардың қателігі — үлкендердің шындығын ұстануы.

Ілмектер: бала, қателік, шындық Жорж Батай

Күлкі де ер жетеді.

Ілмектер: күлкі Жорж Батай

Авторды шығармасы өлімге жетелеп əкеледі: бұл — өлу мəнері.

Ілмектер: автор, шығарма, өлім, мәнер Жорж Батай

Қайғы құрдымға кетіреді.

Ілмектер: қайғы, құрдым Жорж Батай

Қасіреттің мəні — адам баласының қиратпай, өлтірмей, жұтып қоймай өмір сүре алмайтындығында болғаны ма?!

Ілмектер: қасірет, өмір Жорж Батай

Шынымен адамның қауқарсыздығы ақылдан алжастыруы мүмкін екенін жер бетінде ең бірінші болып сезініп тұр ма екенмін?!

Ілмектер: адам, қауқарсыздық, сезім Жорж Батай

Өтіріксіз — дін де, поэзия да жоқ.

Ілмектер: өтірік, дін, поэзия Жорж Батай

Жібі үзілмеген жеңілістер, тəжірибеге шексіз берілгендік тəрізді, адал қызмет етеді.

Ілмектер: жеңіліс, тəжірибе, адал Жорж Батай

Орынсыз көңілділік сананы тұмандандырып жібереді.

Ілмектер: көңіл, сана Жорж Батай

Бір нəрсені танып қана қою аздық етеді — бұл ретте бір ғана ақылдың ойыны болып қалмақ — ол жүректен өз орнын табуы керек.

Ілмектер: жүрек, ақыл Жорж Батай

Білімсіздік дегеніміз — сағыныш.

Ілмектер: білім, сағыныш Жорж Батай

Қарап көріңіз