Эссе және өлең-жыр байқауы

Құмырсқа, бүрге және адам

Құмырсқа қоңызды сүйретіп бара жытып, көң арасында секіріп жүрген Бүргені көріп қалады да, оған былай деп мақтанады:

— Әй, берекесіз Бүрге, неге бостан-босқа селтеңдеп секіре бересің? Одан да мына мен құсап еңбек етсеңші. Қарашы, өзімнен он есе үлкен қоңызды көтеріп бара жатырмын. Жүгірген аң, ұшқан құс керермет деп Адамды мақтайды. Өзің айтшы, сол Адам өзінің алмағынан артық салмақты көтере алады ма?

Енді Бүрге бөсіп кетті:

— Құмырсқа, сен өзіңнен басқаны көрмейді екенсің. Мына маған қарашы, кіп-кішкентаймын. Сөйте тұра, өз бойымнан жүз есе биікке секіре беремін. Ал, сен айтқан Адам өз бойынан асып секіре де алмайды.

Екеуінің әңгімесін сырттай тыңдап тұрған адам олардың қасына келіп, жылы жүзбен былай деді:

— Екеуіңнің де айтқандарың рас, бірің өзіңнен он есе ауыр жүкті көтеріп, бірің өз бойыңнан жүз есе биікке секіре аласыңдар. Оған дау жоқ. Ал, Адам ақылымен, білімімен тауды қопарып, теңізді қотарып, зымыранмен Айға, Марсқа да барып, одан алысқа да барып, жұлдызды әлемді шарлап кетеді. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақал бізге — Адамға айтылса керек.

Сол кезде Құмырсқа мен Бүрге аспанға қарап, ойланып қалды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...