Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Біржанның бір аталасының есінде қалған әңгімесі

Бірде әкем Сүлеймен Біржан туралы оның даусы мен әншілігі туралы әңгімелеп отырды.

— Әке сіз Біржанды білесіз бе? — дедім.

— Е, неге білмейін, көрдім де, бірінші көруім былай болды, — деді. — Қанжығалы елі мен Керей арасында құдалық болып, сонда мені балуан күресіне шығарды. Ол жақтың балуаны түйе балуан екен, алғызбады. Бір сәті абройы болып жамбасқа алып соғып жіберіп, үстіне шыққанымда, ызаланып үстінен босатпай құшақтап тұрғызбады. Біз сүйтіп арпалысып жатқанымызда, бір адам топтан шығып, ащы дауыспен:

— ЬІсмайылшы! Ысмайыл! Әй сені тапқан шешеңнен айналайын! — деп жетіп келіп, мені балуанның үстінен жұлып алды. Мен оны танымай, сөзіне түсінбей, артынан бұл кім еді, деп әкем Құлакеңнен сұрағанымда, ол Біржан сал, деді. Сонда ол кісі: — біз Ақсары-Құрсары Ысмайылдан тараймыз, соны ұран қылған ғой, — деді.

Әкесі Сүлеймен Құлеке баласынан естуі бойынша әңгімелеуші Қаңтарбайұлы Көпен


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...