сайыс
ozgetil.kz

Алматыда автобус күту уақыты 30 пайызға қысқарды

Алматыда аялдамалардағыавтобус күтуге кететін уақыт30 пайызға төмендеді. Мұндай көрсеткішкөлікті басқару жүйесін сынақтан өткізу кезінде белгілі болды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгінгі Үкімет сағатында хабарлады.

«Алматыда көлікті басқару жүйесін сынақтан өткізу кезінде аялдамаларды күту уақыты 30 пайызға дейін қысқарған. Ал, Астана қаласында Сергек жүйесін пайдалану есебінен 2018 жылдың бірінші жартысында 30 млн теңге қаржы бюджетке түсті. Білім беру саласында Шымкент қаласында балабақшаларға кезекті 2 жарым есе азайтуға жағдай жасалған», — деді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, жұмыстардың бәрі елге, елімізге оң нәтижесін беріп жатқанын қазірдің өзінде көруге болады. Сондай-ақ, министр «Ақылды қала» концепциясының арқасында бірқатар  нәтижеге қол жеткізіліп жатқанын айтты.   

«Жүйенің өзі электр энергиясын қажеттілігіне байланысты автоматты түрде  берілуін реттейді. Қаланың пилоттық ауданында жасыл технологияларды тәжірибелі түрде сынау шеңберінде Ақтөбе облысы энергияның балама көздерін қолдану есебінен энергия тұтыну көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізді. Шымкент қаласыжол-көлік оқиғаларын фото-бейне түсіру  жүйесіне енгізудің аясында жол жүру ережелерінің бұзу жағдайлары 17 процентке азайған», — деп атап өтті ол.

Ал, адамның келбетін тану жүйесі болса уақытты азайтып, шығын көлемін қысқартады екен.

Ақпарат және коммуникациялар министрінің айтуынша, Алматы облысындағы Қорғас бекетінде адамның келбетін тану жүйесіне алғаш сынақ жүргізгеннің өзінде іздеу шараларына жұмсалатын уақыт 15 пайызға дейін азаяды деп күтілуде.  Бұған қоса, Алматыда қалалық көлік қою орындарын төлем жүргізу қызметінің тек 17 проценті көлік қою орындарында ғана іске асырылады. Бүгіннің өзінде бюджетке түскен өсімдер 6 есеге өскен.

Сондай-ақ, ол еліміздің түкпір-түкпірі бойынша цифрландыру қарқынды жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

«Өңірлердің барлығы ақылды қала жасауға негіз болатын сервистерді жасауда кең ауқымды жұмыс көлемін жүргізіп жатқанын атап өту өте маңызды», — деді Д. Абаев.

Айта кетейік, Қазақстан аймақтарындағы smart жобаларды іске асырылу 2017 жылдың күзінде басталды. Оның аясында министрлік әрбір салаға арналған қызмет салаларын қаржыландыру түрлерін технологияларды және  болжамды жобаларды қамтитын smart sity концепциясын жасап бекіткен болатын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)