Эссе және өлең-жыр байқауы

Науқасты күзету

Ата-бабаларымыз жер бетінде адамнан ұлы, адамнан қымбат ештеңе жоқ екенің баяғыда-ақ айтқан. Сонымен бірге ел салт-дәстүрінде оны құндау мен ардақтаудың да көптеген жолдары бар. Алдымен адам өмірге келгенде той-думан жасап шаттанатын болса, ол өмірден өтерде де бей-жай отырмаған. Соның бірі -- адамның соңғы сәтттерінде жасалатын құрмет және оны күтіп-бағу, аялау.

Беті әріге бұрылған ауру кісіні күзетіп отыратын жай бар. Күзетке науқас адамның жақыны, жанашыры сияқты жасы егде тартқан кісілер немесе молда отырады. Олар ауруды күтумен бірге, оның айтқанын, өсиетін естіп қалуға міндетті. Шөлдесе, аузына су тамызып, оны жатқызып, тұрғызып, дәретіне дейін тазартады. Күзете отырғандар неше күн, ай болса да тапжылмай, кезектесіп күтеді. Науқас әлсіреген кезде дем салады, жақсы сөздерімен жұбатып отырады, ренжітпейді.

Ауру үзілер сәтте иманын айтып, бетін ақпен жабады, оң жаққа салып, бетін құбылаға қаратады. Егер ауру жалғыз қалып, өмірден өтер болса,  "Пәленше иманы айтылмай өліпті" деген сөз шығады. Бұл - ағайындары мен ұрпақтары үшін де ауыр кінә. Сондықтан ауыр науқасты қай кезде де жалғыз қалдырмайды. Бұл - өмірден өтіп бара жатқан адамға көрсетілетін соңғы құрмет және ізгі қызмет. Мұндайда: "Көз жұмар кезде қасыңда кім отырады?" - деген сұрақ туады. мұның да реті, мәні бар сөз. Сондықтан оған жүктелер міндет те ауыр.

Мысалы, атақты Шорманның Мұсасы қайтыс болғанда оның басында Уәлиханның Шыңғысы отырып иманын айтып, бетіп жапқан. Абылай хан о дүниеге аттанар сәтте оның қасында әйгілі Бұқар жырау отырып:

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,
Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай,
Үш жүзден үш кісіні құрбан салсам,
Сонда қалар ма екен жаның-ай?
- деп толғаған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...