Өлең, жыр, ақындар

Мектеп оқушысы Гарри Поттерді қазақ тіліне аударды

Ақтөбеде Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы сиқыршы Гарри Поттер туралы танымал кітаптың бірнеше бөлімін қазақ тіліне аударды.

10 «Е» сыныбының оқушысы Асылай Сейтенова ағылшын тілінен жобаны орындап, сиқыршы туралы бүкіл әлемге танымал кітаптың алғашқы төрт бөлімін аударды. Ол үшін үш ай уақыт кетті. Асылай жұмысқа биылғы жылдың қаңтар айында ағылшын тілінің мұғалімімен бірге кірісті.

Оқытушының айтуынша, бұл - оқушы қыздың бірінші жобасы.

«Біз кітаптың түпнұсқасын қазақ тіліне аудардық. Жұмыс күрделі болды. Оның барысында ағылшын сөйлеу тілін меңгеріп, орысша аудармамен салыстырдық, одан кейін қазақ тілінде мәтін құрдық. Басты мақсат - қазақ тілін меңгергісі келетін шетелдік әріптестер мен оқушылар арасында қазақ тілін әйгілендіру. Біз әлемдік бестселлердің мемлекеттік тілді оқу процесінде ерекше қызықты болатынын шештік», - деп атап өтті Ақбота Әбішева.

Мұғалім сондай-ақ Асылай екеуінің жұмысты қуана жалғастырып, уақыт болса, кітаптың бірінші томын толық аударып шығатындарын қосып өтті.

Көлемі шағын болғанына қарамастан, жоба облыстық кіші ғылым академиясында және шетелдік әріптестер үшін кітап форматында таныстырылды. Алайда авторлар мұнымен шектелген жоқ. Осы аптада аударма жаңа үлгіде шығарылады, ондағы мәтін сұрақтар, глоссарий және көп бояулы суреттермен толықтырылады. Жаңа нұсқадағы суреттердің авторы -  Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Олжас Есенбаев.

Айта кетейік, «Гарри Поттер және Философиялық тас» кітабының алғашқы төрт тарауын ғаламтордан оқуға болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар