Өлең, жыр, ақындар

Тіл - ұлт байлығы, ел қазынасы

Жуырда өткен "Тіл- ұлт байлығы,ел қазынасы" онкүндік іс-шарасының жоспарына сәйкес 5 және 6 сыныптар арасында  "Язык - богатство народа"  тақырыбында орыс тілі пәнінен сайыс сабағы өткізілді.

Сайыс сабағының мақсаты: оқушылардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, оқушылардың ой өрісі мен дүниетанымын кеңейту, орыс тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сайыс сабақ барысында «Білгенге маржан», «Жеті жұрттың тілін біл», «Білсең, тауып көр» атты әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылар орыс және қазақ тілдерінің арасындағы өзара байланыстың маңыздылығына тағы бір рет көз жеткізе білді.

Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық болмысын, мәдениет байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып жеткізуші қызметін атқаратындығы оқушыларға түсіндірілді.

Тартысқа толы өткен бұл сайыс сабақтың қорытынды бөлімінде белсенді қатысқан оқушылардың білімі бағаланып, марапаттауға ұсынылды.

Қажымұқан атындағы №11 ЖББМ-тің тәрбие ісі орынбасары& Мадине Уәлиханқызы Мырзалиева.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз