Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жылдық құттықтау, тілектер

Құтты болсын жаңа жыл, жаңа жылда ел жаңа! Аман болсын еліміз, әрбір істен бақ таба! Жаратқаным жар болып, Бар жақсылық орнасын! Сәтті атар таң болып, қуаныштар жалғансын!

Жаңа жылдық құттықтау, тілектер

Құтты болсын жаңа жыл!  Жақсылықтар әрдайым, таба берсін жалғасын! Әрбір үйде ынтымақ, бірлік, шаттық орнасын! Отбасында береке, мейрім гүлі солмасын!

******

Жаңа жылың құтты боп, басыңа бақ орнасын! Көңіл күйің күшті боп, таба берсін жалғасын! Денсаулығың мықты боп, жаның жаурап тоңбасын!

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар

Жаңа жылға арналған әзіл құттықтаулар

Сүйіктілерге арналған жаңа жылдық құттықтаулар

Досқа арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Жаңа жылдың тәттісі, көп болсын деп тілеймін! Жаңа күннің жақсысы, көп болсын деп үндеймін! Аман болып отбасы, жадырасын жаныңыз! Жаратқаным жар болып, жана берсін бағыңыз! Нұрлы болып, шуақты, ата берсін таңыңыз! Ағайын, туыс бәрі де, аман болсын барымыз! Жылдан жылға лайым, жетейікші бәріміз!

******

Келіп жеткен халайық, құтты болсын жаңа жыл! Жаңа жылда жалындап, шыға берсін жаңа үн! Жанды жейтін жегідей, қиындықтар болмасын!

******

Жаңа жылда күн жаңа, нұрын шашсын лайым! Айтылатын жыр жаңа, күлімдесін күн, айың! Қалыптасар сыр жаңа, болшы аман, жоқ уайым! Жарқырасын қыр, дала, шуақ шашып күн дәйім! Қиындықты, мұңды ала, жар болсыншы Құдайым!

******

Жаңа жылда табысың, кеңейтсін кең арнасын! Саулықтарың мықты боп, қанаттарың талмасын! Әрбір ісің сәтті боп, жаратқаным оңдасын! Аман болып еліміз, Тек тыныштық орнасын! Құтты болсын жаңа жыл!

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

Жаңа жылға бата - Тілектер, құттықтаулар

Ата-анаға арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Бүлдіршінге арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Жаңа жылға арналған құттықтау өлеңдер

Тілектер, құттықтаулар

Жаңа жылда сіз үшін, ең жақсы күн таңдалсын! Аппақ қыстың ақ таңы, өміріңе мән берсін! Гүл көктемнің тәтті әні, көңіліңе сән берсін! Жаздай жайнап жаныңыз, таусылмайтын ән берсін! Алтын күзің бақ сыйлап, шырайлы атар таң берсін! Жаңа жылдың күнінде, көңіліміз жай болсын!
Саулығымыз мықты боп, жақсылыққа сай болсын! Аман болып балалар, жегендері май болсын! Қазақ елі жанданып, шеттерінен бай болсын!

******
Құтты болсын жаңа жыл! Қыран құстай жастарым, биікке өрлеп самғасын! Үлкен, кіші, бәрі де, болсын лайым тек аман! Күлім қағып халқымыз, болсын дәйім ел аман! Бақытты боп балалар, бақытсыздық жоламан! Жаңа жылда жарқырап, күліп жүрсін бар адам!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Мұрат

Жаңа 2024 жыл құтты болсын!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз