Өлең, жыр, ақындар

Кенесары, Наурызбай туралы

Кенесары Арқада хан болып тұрған Көкшетау деген жерде қалың Арғын руының қуандық, сүйіндік деген руының ішінде бұл рулар Атбасар Қара-өткел деген жерін мекендеген. Бұл рулардың бәрі Кенесарының шеңгелінде болып зар жылаған. Бұл жерлерді бағындырған Кенесары сол кезде Россиямен соғысып жеңіледі. Қазақ халқының орыс халқымен жақындасуына жол бермейді. Сол кезде Россия патшалығынан шегініп жол бойында елді шауып, талап, бұрынғы Әулиеата деп аталатын (Қазіргі Жамбыл облысы) маңына келіп, халқының ханы деп тануды талап еткен. Сол маңды сол кезде билеп тұрған Байұзақ датқа ішінен қас болып, қастығын Кенесарыға білдірмейді. Бірақ Кенесарыдан қорқып бағынып отырады. Байұзақ елін билеп алған Кенесары қырғыз еліне елші жіберіп, әскер сұрайды, орысқа қарсы шығу үшін. Бірақ қырғыз халқы бұған келісім бермейді. Кенесары содан кейін қырғызға шабуыл жасайды. Бірнеше қырғыз халқының ел-жұртын тонап, қиратып, ауылдарын өртеп, айуандықтар істейді. Бұл шабуылға еріксіз дулат елі деп аталатын Байзақ датқаның елі де Кенесарының жауыз жігіттерінің қарамағында қызмет етіп қатысады. Дүсекеңнің айтуы бойынша, Кенесарының жауыздық шабуылынан қорыққан қырғыз халқының кейбір рубасылары елші жіберіп, өзінің бағынғандығын білдіреді. Бірақ келген қырғыз халқының елшісін Кенесарының бұйрығы бойынша, оның сол кездегі баскесер Наурызбай деген інісі бауыздап өлтіріп, айуандықпен қолының қанымен ет асайды.

Қырғызға шабуылын күшейте түскен Кенесары «Абылай аспас сары бел» деген асудан асып, көптеген қырғыз ауылын шауып алады. Ауылда қалып қойған екіқабат қырғыз әйелдерінің ішін жарып, баласын алып оны тірсегімен керегенің басына іледі.

Қырғыз халқына деген жауыздық шабуылын үдете отырып, Кенесары сол кездің өзінен есептегенде ондаған жылдар бұрын жатқан қырғыз халқының Қанай деген датқасының моласын ашып, ескерткішін қиратып, сүйегін өртейді.

Кенесарының жауыздық істеріне наразы болған Байзақ датқа астыртын қырғыз датқаларымен келісіп, өзіне қарасты әскерлерді қырғызға қарсы соғыспай, Кенесарыдан бөліп әкетеді. Азғана әскерімен қалған Кенесары қырғыздың қолына түсіп қалады. Артынша Кенесарының қырғызда қолға түсіп қалғанын біліп, Наурызбай іздеп барған. Наурызбай да іздеп барған жерінде қолға түседі.

Қолға түсуден құтылу мақсатын көздеп Кенесары, Наурызбай қырғыздан қырғыз халқының өздері білетін бір сол кездегі батырын шығаруды талап етеді. Қырғыз батыры Кенесарыға бармаудың амалын іздеп: «Мен барсам, ол екеуі де құтылып кетеді. Сондықтан мені үйде жоқ деп айтыңдар. Сөйтіп, өлтіріңдер», — деп жауап береді.

Қырғыздар қолға түскен Кенесары мен Наурызбайды Кенесарының «наркескен» деген қылышымен шауып өлтірген екен дейді.

Оқуға кеңес береміз:

Жалбыр батыр (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз