Өлең, жыр, ақындар

Кенесарының қырғызға елші жіберуі

Ел жайлаудан түсіп, Шудың бойында торыған кез екен, бір күні ертең ерте ақ қырқаға толған ақ үй қонып қалыпты. Сүйтсе, ол Кене ханның ауылы екен. Қордайдан түнде асып, сол жерге келіп қонған екен. Біраздан кейін ауылға жасауылдары келіпті. Менің әкем қасына кісі ертіп, ерулікке сойыс салып алып ханның аулына барыпты. Оларды қонақ үйге түсіріпті. Бір кезде хан шақырады деп екі жігіт келіп, оларды ертіп ханның үйіне алып кіріпті. Сәлемдесіп, жөн сұрап болғасын Кене хан: «Жантай, ормандармен ұрысайын деген жоқ едім. Ел болайық дегенге көнбеді. Жауға қосылды. Елшімізді байлады. Ұрлығын былай істеп жатыр. Кінә өздерінде, ертең елін шабамын. Дулат баласы іргелі ел едіңдер, көздеріңмен көріп, олжаларыңды алыңдар», — депті. Айтқанындай, ханның қолы ертеңмен Шудың арғы жағына өтіпті. Піспектің қасындағы қара ағаштың бергі түбінде қырғыздың қолы кездесіп, соғыс болып, қырғыздың батыры өліп, қырғыз қолы қашыпты. Қырғыздар бет-бетімен тауға қарай көшіп қашыпты. Түскен олжаны хан елге таратып беріпті де, теріскейге қайта көшіп кетіпті.

Қысты күні Кене хан Жантайға тағы адам жіберіпті. Басшысы өтеген батырдың немересі орман деген шешен адам екен. Бұғыбай, Саурық бастатқан батырлар барыпты. Қырғыздар қошеметтеп сыйлапты. Бірақ екі ай жатқызып, жөнді жауап бермей аттандырыпты дейді.

Оқуға кеңес береміз:

Жалбыр батыр (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз