Өлең, жыр, ақындар

Үсік шалудың қалай алдын алуға болады

Қыс айларында адамдарды үсік шалу оқиғасы жиілейді. Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары ұсынған кеңесті назарға ұсынамыз.

Адамдарды үсік ауа райына байланысты ескертулерді ескермей, өз бетінше әрекет ету салдарынан туындайды. Қауіпті табиғи құбылыстар байқалғанда азаматтарға алыс сапарға шықпау қажет. Үсік шалу адамды мүгедектікке ұшыратып, тіпті өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

«Жалпы үсік шалу дегеніміз — бөлмеден тыс төменгі температура кезінде адамның сыртқы терісінің үсіп кетуі. Статистикалық мәліметке сүйенсек, үсік шалу уақыты, әсіресе, қысқы кезеңінде -10, -20 С және одан да төменгі температурада тіркеледі. Күзгі және көктемгі кезеңінде ауада ылғалдың көп болуынан және қатты жел кезінде 0 С сәл жоғары температурада қолдың және дененің басқа да бөлігін үсік шалуы мүмкін. Дене бөлігінен аяқ пен қолдың саусақтары, құлақ пен мұрын үсікке шалдығуға бейім келеді. Өйткені, суықтың әсерінен дененің осы бөліктеріне қан келу тежеледі. Егер дер кезінде көмек көрсетілмесе ол бөліктердің жасушалары өле бастайды. Көбінесе үсік шалған адамдар қатарында ішімдік ішкен және психотроптық заттарды қолданатын адамдар көп. Тар аяқ киім киім, қолғап, ылғал киім мен аяқ киім адамның тез үсуіне бірден-бір себеп», — дейді мамандар.

Аяқ пен қол үсіген жағдайда оларды жылы суда сабындап жуып, спиртпен сүрту қажет. Аяқты жеңіл уқалаған пайдалы.

Үсікке шалдыққан адамға ыстық шай немесе кофе беру керек.

«Саусақтың ұштары үсісе қолыңызды жылы суға салып қызарғанша уқалаңыз. Үсікке шалдыққан қолды суық су астында ұстауға немесе қармен ысқылауға болмайды. Себебі, қардың ішіндегі кішкентай кристалдар теріні зақымдайды. Бір рет үсікке шалдыққан дене бөліктері суыққа өте сезімтал болады», — деп толықтырды мамандар.

Оқуға кеңес береміз:

Қыста SPF - крем қолданудың пайдасы бар ма?!

Көктайғақта құлап, жарақат алмас үшін не істеу керек

Аязды күндері көлік иелеріне қажет болатын 16 айла-тәсіл

Аязды күндерде қандай қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн

Дәрігер-поляршыдан қатты аязда дұрыс тыныстаудың 8 ережесі

Вирустармен қалай күресу керектігі жөнінде дәрігер Комаровскийден нұсқаулық


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз