Өлең, жыр, ақындар

Сатай батыр

... Албан Хангелді батыр бастаған қазақ сарбаздарының қалмақтармен шабуылы кезінде Сатайдың ерлігі жайлы айтылыпты: «Былтырғы мамыр айында қалмақтармен қатты шайқастық қой, жау жағы көп, көптің күші де жеткілікті. Бізді тықсырып-ақ келеді. Бір кезде есік пен төрдей қызыл аты бар адам «Бақтияр! Бақтияр!» деп қалың нөпірдің арасына қойып кетті. Сол кіргеннен қалмақтың тобын екі жарып ыдыратты да тастады. Жойқын күш іріген сүттей тоз-тоз болды. Біздің сарбаздар жеңіске жетті. Сол кездегі Албан, Суанның бас сарбазы Хангелді батыр: «Шепті кім бұзды?» — деп үш рет айғай салды. Анау да келді «Мен едім» деп, мынау да келді «Мен едім» деп, бірақ бас сардар оларға жылы қабақ танытпады. Содан кейін қолбасшы тұрып:

— Азаматтар! Шоралар! Енді қай азамат қалды, неге маған келмейді?» — депті. Сонда жартастай зор қазақ:

— Тақсыр, бір аңшы ғана қалды, басқа «мен мықтымын» дегеннің бәрі келді, білем, — деп сардарға қарайды. Сардар түйілген қалпында:

— Тез, сол адамды маған жеткізіңдер, — деп, жігітті шығарып салады. Ол айтқан аңшыға келеді де:

— Жігіт, сізді бас сардар шақырып жатыр, — дейді. ол:

— Сардарда менің жұмысым жоқ, егер ол кісінің жұмысы болса, өзі келсін, — дейді. Жігіт келіп сардарға болған жағдайды айтады. Сардар бұл әңгімені естіген соң қарқ-қарқ күліп, өзі келіпті:

— Батырым, сіз бізді жеңіске жеткіздіңіз, олжа беріңіз, — дейді.

— Тақсыр, сіз сұрасаңыз, біз неге тартынайық, — деп бір қызыл бөрікті, бір қоңыр бөрікті сардарға ұсынады. Бұл бөріктердің ішінде екі бірдей нәресте бар екен.

Сауғаны алып, сәл көңілді үнмен:

— Келін неге салақтау? Мен сіздің шепті бұзғаныңызды тоныңыздың етегінің әдіптелмегенінен білдім, — деп бір қызын беріпті. Астына жөндеу ат мінгізіп жатып:

— Батыр, атымыз онша мықты емес еді, барына риза болыңыз, — депті. Сонда Сатай тұрып:

— Атамыз қазақтың: «Тісің тісіңе тимесе — ас, тізең жерге тимесе — ат» деген ұлағатты сөзі бар емес пе, сіздің берген атыңызды сәйгүлікке балап аламыз да, — депті. Осы бір жағдайдан кейін екі батыр бір-бірімен бірге туғандай дос, жолдас, ағайын-бауыр болып кетіпті-міс.

Оқуға кеңес береміз:

Жалаңтөс батыр

Елшібек батыр туралы

Көкбөрі Керней Жарылғап батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз