Өлең, жыр, ақындар

Болашақтың батыры

Естай күні-түні біресе ұялы телефонына, біресе қолындағы дронға шұқшиып, бірнәрсе жасайды да жатады. Әкесі:

- Балам, әкелші андағы нәрсеңді... Көрейін қанша күннен бері шұқылап жатқан, бұл не ғажап екенін? - деді.

- Мінекиіңіз, дрон ғой! Алдында көкем әкеліп берген.

- Бұзылып қалды ма?

- Жоқ, істеп тұр. Тек қалай жасалғанын зерттеп жүрмін.

- Ол неге қажет? 

- Болашақта барлық мемлекеттер өздерін тек осындай техникалардың көмегімен қорғайтын болады. Адамдар соғыспайды. Ал менің батыр болғым келеді! Бейбіт күннің батыры болып, ел қорғауға өз ақыл-ойымды, білімімді қосқым келеді! 

- Жарайсың ұлым! Мен сені босбелбеу, қара күшке жоқ бала бола ма десем, сен нағыз болашақты ойлайтын азамат екенсің ғой? Мұндай ой басыңа қайдан келіп жүр?

- Жаңалықтан көрдім. Түрік азаматы өз еліне шабуылға шыққан мықты танктерді, дронмен-ақ қирата салды! Адам шығыны болған жоқ! Керемет емес пе?

- Әлбетте, керемет!

- Біз де ядролық қаруымызға сенбей, озық ғылыми-техникалар жасауымыз қажет. Әлем аяқ тартатын, жерімізге көз тігуден қорқатын, дамыған ел болуымыз қажет.  Ол үшін әр бала өз машинасын ойлап табуы тиіс.

Әкесі ары қа­рай ұлының сөзін естімеді.  Өзі күніге жұмсап, кейде мақтап, кейде ұрсатын баласы, нағыз ғалым секілді елжірей қарады. Іштей: "бар малымды сатсам да, ұлыма робототехниканы оқытпасам" - деп ойлады.

Ал, балақай! Сен не ойнап жүрсің? Сенің достарың ғылымға бет бұрып жатыр! Жаңалық ашпақшы.. Ел қорғайтын заманауи техника жасамақшы!  Сенде қандай арман бар? 

Әр бала - болашақ ел азаматы. Ал азаматтарға елін қорғау - парыз! 

Гүлмекен Қасенбай.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз