Өлең, жыр, ақындар

Абылай туралы

Абылай хан жоңғарларды шапқан бір шабуылда мың адам барлаушығып алға жіберіпті. Оларды екіге бөліп, екі батырды бас етеді: қарабұжыр Қанжығалы Жантай және сол рудың үлкені Бөгенбай.

Батырлар ұзақ уақыт оралмайды. Абылай қатты мазасызданады, олардың тағдыры туралы жырауы Бұқардан сұрайды.

— Менің батырларыма не болды, олар неге оралмай жатыр? — дейді. Оған Бұқар былай жауап береді:

— Жантай Талқын арқылы өтеді, Бөгенбай Құлжанмен өтеді. Хан Баба кері қашады. Жантайдың Талқындағы жолы тар әрі қауіпті.
«Жантай батыр қатерге ұрынды» деп ойлайды Абылай.

— Жантай барады,
Барып ұлысты шабады.
Күлін көкке ұшырып,
Жантай әкелген ақша бет қызды
Хан Абылай алады.

Абылай кейіннен:

— Бұқардың айтқаны келгенде, төбем көкке жеткендей қуандым, — дейді.

Оқуға кеңес береміз:

Абылай ханмен соңғы кездесу

Абылайдың «Қанды қарағай қан болды, жол болды» деп ат беруі

Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы (ІІ нұсқа)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз