Өлең, жыр, ақындар

Әйтеке бидің қазасы

Бүкіл кіші жүз жаңа қонысқа қазіргі Қазалы өңіріне кө шіп келіп орналаса бастағанда Әйтеке би өзіне қарасты ағайын-туыс, тумаларымен Бұқараның маңын қыстап қалады. ол жерде қалуының мәнісі: бір шеті қоңырат елі, екінші шеті үргеніш-Хиуа елі аралығында ыдырап көше алмай қалып қойған Кіші жүздің халқын бір жерге жинап, келесі жазда осы жерге алып келіп басын қосу еді. Осы мақсатымен Әйтеке қысты сол өзінің отырған жерінде өткізеді.

Жаз шыға бытыраңқы отырған әлім, шөмен ауылдарын бір жерге жинап шоғырландыра бастайды. Көктемнің аяғына дейін бұл жұмысты бітіріп, көшіруді бастауға санаулы күндер ғана қалады. «Ертең бір күн көшеміз» деп отырғанда Қарақалпақ жеріне барып, ақ жүгері алып келген өзінің бір жақын інісі:

— Мынау базарлығым, аға, — деп үлкен бекірені Әйтекенің үйіне әкеліп тастайды. Бұзылмасын деп аздап қана тұз сепкен бекіре бабында екен. Жеңсік асқа кім-кімнің де құмар болатыны анық. Бекіреге құмартқан бәйбіше бекірені кеспелеп асады. үйлес отырған көршілерінің үлкенді-кіші лі адамдарымен бірге бекіренің етін Әйтеке де жейді. Дәмді асты отырғандармен таласа жеген Әйтекенің тамағына кенет бекіренің арқасындағы жиегі егеу тәрізді түрпіленген үш қырлы тасы қадала қалады. Әрі-бері жұтқыншағын тоғығанмен, қылқан шықпайды.
Арада бір жеті уақыт өтеді. Әйтекенің тамағынан қылқан кетпей, ауруы меңдей береді. Күн өткен сайын науқастың ахуалы кеми түседі. үшінші жетіге қарағанда Әйтеке сөз ден қалады. Сыбырлаған сөзін тек басында отырған бәйбіше сі ғана есітеді. ол да анық емес, күмілжі. Әбден талықсы ған Әйтеке басында отырған бәйбішесіне «мені, ме-ні Мыңтө. бе..дегі Сейіт..баттал.. әу..лие мен Зәң..гі ата әулие.. ге апа..рып қойың.. дар. Мен біт..тім», — дейді демі бөлініп.

Сол күні кешкі іңірде Әйтеке сабырлы қалпымен жатып жан кешеді.

Халық үш жүздің үш биінің бірі, кіші жүздің кемеңгер данасы, адастырмас темірқазық жұлдызы, аяулы Әйтекесінен айрылған соң жақын жерде отырған ауыл-ауылға ат шаптырып, хабар беріледі. Екі күн өтіп, үшінші күні Әйтекенің мүддесін арбаға салып, Мыңтөбеге қарай алып жүреді. Сонымен Кіші жүздің дара биі, асқар таудай биік шыңы, дана басшысы Бәйдібектің ұлы Әйтеке елу жеті жасында Бұқара аймағында дүниеден қайтыпты.

Бүкіл Кіші жүз өлімін естігенде аза тұтып, небір шырын тілді шырайлы сөзбен еске түсіріп жоқтайды. Қаралы ту көтереді. Әр жерде мал сойылып, аяулы азаматының рухына арнап қонақасы беріледі. өздері ардақтаған әділ биінің қаралы азасына қатыса алмағандарына қатты қайғырып, өкінеді. Бір жеті жол жүріп, Әйтекенің мүрдесін сол кезде Мыңтөбе деп аталған жердегі Зәңгі ата мешітінің іргесіне әкеліп жерлейді.

Оқуға кеңес береміз:

Әйтеке би

Әйтеке бидің мықтылығы

Әйтеке би туралы аңыз

Әйтекенің жекпе-жектегі жеңісі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер