Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- байтақ елдің бағаналы ордасы

Балапандай қанат қаққан әрбір жасты бауырына басып, дамуына үлес қосып келе жатқан маңдай алды университет ол – ҚазҰУ. Қазақстандағы ең беделді университеттердің бірі және болашақ ұрпаққа сапалы білім беру үшін тамаша академиялық базаға ие. 1934 жылы негізі қаланған университет отандық ғылым мен техниканың, мәдениеттің және жоғары білімнің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосып, сонымен бірге мемлекетіміздің дамуында тірек, бағдар бола білді.  Университетте мықты білім алғысы келетін әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар. Университетте Қазақстандағы ең үлкен және ең бай кітапханалардың бірі бар.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы Орталық Азиядағы ең ірі кітапханалардың бірі болып саналады.  ҚазҰУ жас ғалымдарға жақсы жабдықталған жатақхана ұсынатын студенттік қала саналады.  Университетте 5000-нан астам студентті қабылдай алатын 14 үлкен жатахана орналасқан.  Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк бар. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам профессорлар, ғылым докторлары, философия кандидаттары мен докторлары, 100-ден астам ірі  академиктер, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық мемлекеттік сыйлықтың иегерлері бар.Университет керемет және жан-жақты академиялық бағдарламаларды ұсынады.  Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті тілдік дайындықтан, сондай-ақ шетелдік ғылыми және оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.  Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам профессорлық-оқытушылық және әкімшілік қызметкерлеріне халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азия елдеріндегі ұйымдарға шетелдік іссапарлар ұйымдастырады. Оқу ғимараттары Алматының экологиялық таза және гүлденген аймағында орналасқан.  Университет аумағында: Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ғылыми кітапхана, интернет орталығы, спорт кешені мен стадион, сондай-ақ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы орналасқан.

Мен «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінде білім алудамын. Экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті 1943 жылы ашылып, 1963 жылы Халық шаруашылығы институтының құрылуына негіз болған, Қазақстандағы жоғары білікті экономика мамандарын даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын орталық. Жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында факультеттен жылына 500-дан астам бакалавр түлеп ұшады. Университет қабырғасында білім саласы бойынша сапа мен дамудың нақты үлгісін көрсетіп келе жатқан «Экономика және бизнес жоғары мектебі»  факультетінің алар орны ерекше. Аталған факультет құрамында еңбек ететін әрбір ұстаз өз шәкірттеріне мол білім мен рухани дамудың жолдарын көрсетіп, түсіндіру үшін еш аянбай еңбек етіп келе жатыр. Факультет студенттері мен ұстаздарының бір ортаға тоғысып, бірге әрекет ету ісінде факультет деканы Л.Бимендиеваның үлесі өте зор деп айта аламын. Өзім білім нәрімен сусындап жатқан «Қаржы жәге Есеп» кафедрасы және кафедра мұғалімдеріне айтар алғысым шексіз.

Білім мен рухани қасиеттерді осы оқу жылдары ішінде бойға сіңіруге көмектескен әрбір ұстаздың біздің жүрегімізден алар орны ерекше екендігі анық.

 

Сембина Балауса,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті

  «Есеп және аудит» мамандығының 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:

э.ғ.к., доцент Сұлтанова Б.Б.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз