Өлең, жыр, ақындар

Аз жеу және аз сөйлеу

Аз тамақ жеу мен аз сөйлеудің пайдалары:

Жүрек таза және нұрлы болады, тоқтық болса жүректі нашарлатып, ойды азайтады. Аш адамның жүрегі нәзік болады, жасаған ғибадаттарының ләззатын сезінеді. Аштық әлсіздік пен шаршау әкеледі. Тоқтық құтыртады. Тоқ адам нәпсіне тұтқын болады. Аш адам аз ұйықтайды. Барлық ғибадаттардың негізі аз ұйықтау. Тоқ адам аш адамдарды және ахирет азабын ұмытады. Аз жегеннің дені сау болады. Аз жегеннің шығыны да аз болады. Аз жеу шеберлік, көп жеу ауру. Көп жеген көп ұйықтайды, бәрінен жалқау болады. Сөз күміс болса, үндемеу алтын. Қайырлы сөз – керемет, үнсіздік саламат. Көп сөйлеу зиян, аз сөйлеу – байсалдылық. Тіліне ие болған адам барлық жамандықтардан құтылады. Әзіл, мазақ және бос сөйлеу бәле-жалаға жол ашады. Ащы сөйлегеннен достары қашады. Даналықты көп сөйлеуден емес, үнсіздіктен ізде. Тіл тура нәрселерді айтып үйренбейінше жүректе туралық болмайды. Тіл кіші болса да, айыбы үлкен. Көп сөйлеу достықты бұзады, орынсыз сөйлеу айыптарды ашады. Өтірік сөз иманды әлсіретеді әрі адамды масқара етеді. Мазақ күлдіруі мүмкін, бірақ жүректі өлтіреді. Жақсы сөз садақа, махшарға напақа.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз