Өлең, жыр, ақындар

Ер-азаматтарға арналған өлеңдер

Ойым қалып ортасында көкпардың,
Сұрақ беріп сыр тартуға оқталдым.
"Неге тұрмыс құрмай жүрсің?" - деп едім,
"Бір жігітке-он қыздан ғой" - деп қалдың.
Үйлену ме-ол жарыңды ұға алу,
Айтылған сөз, берген сертте тұра алу.
Жалғыз жігіт ортасында он қыздың,
Тоғызы қалып,қағып кетер бір ару.
Қыз тағдыры жіңішке ме, алдың сын,
Ұмтыл да алға, тоғызды артқа қалдыр шын.
Толқын-толқын қайталанар бұл сайыс,
Ендігі ондық бақытыңды жандырсын!

*****  *****  *****  *****  ******  ******

Өмір деген сынақ пенен бақыттан
Жаратылған зымыраған уақыттан
Ерің болса тіреп жүрген жаныңда
Нәзік жан боп қуанарсың шаттықтан

Ер адам боп жаралады өмірде
Нағыз «ер» боп қала бермес бәрі де,
«Қазақ ері» батыр, әрі батыл да,
Абыройлы жігіт деген аты да.

Әйел адам екі саты төмен боп,
Ер адамды сыйлап жүрсе өнеді.
Отағам деп қадірлесе өмірде
Мерейі мен абыройы өседі.

*****  *****  *****  *****  ******  ******

Әке көрген оқ жонар деді бабамыз,
Аман болсын аялаған панамыз,
Қабағыңа қарадық, әке ренжітпей,
Біз ұшсақ та, жаның да жүрсін анамыз.

*****  *****  *****  *****  ******  ******

Аялап аға жүрер қарындас деп,
Жаным деп, айналайын, қарлығаш деп.
Інің жүрер әпкетай жылама деп,
Сырласар өзіңменен жаныңа кеп.
Өскенде гүлдей жайнап, бағың жанар,
 Адал ер - бақыт құстай қолға қонар,
Жаныңда қадірлі нағыз ерің болса,
Көңілің інжу-маржан сөзге толар.
Жігіттер, жүректерің таза болсын,
Жолдарың биік-шыңға ашық болсын.
Егіз бір қозыдай боп бақ-дәулетің,
Өмірің толысқан бір бақыт болсын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз